Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қызғаныш қой…”. Салтанат Бақаева өзін масқаралаған ақын қызға жауап берді

145

Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Ата анамның «біреудің ала жібін аттама» деген сөзімен өскен қызбын, еш уақытта біреудің келісімінсіз әнін не сөзін пайдаланып ән айтқан емеспін.

Бүгінгі Назерке Семейдің ғаламторға жіберген видеосы төбеме мұздай су құйып жібергендей болды… Шыны керек жас ақын қыздардың ішінде өзіме қатты ұнайтындардың бірі – «Әгугәй, құрбым» атты әнімнің сөзін жазған Назерке.

Сөзін тегін жазып беруге келісіп,  енді арада 3-4 жыл өткен соң осындай дау шығарып, ақша төлемедің деп жатқаны мен үшін таңғаларлық жағдай болды…

Ақшасын сұраса, мен келісіп не келіспей, әйтеуір, бір мәмілеге келетін едік. Бірақ мен сөзінің авторы Назерке болғандықтан, бүкіл теледидар, радиода авторын мақтанышпен айтып, жазып отырамын», – деп жазды Бақаева Instagram-парақшасында.

https://kaz.365info.kz/ol-menin-dauysym-tojda-hitke-ajnalgan-anderdin-avtory-bakhaevanyn-maskharasyn-shygardy-video-326890

Әншінің өзі біраз уақыттан кейін Назеркеге хабарласып, тағы бір ән жазып беруін сұрап, қолқа салғанын растады. Алайда ол кезде 50 мың теңге беретін жағдайы болмаған көрінеді.

«Біраз уақыт өткен соң келесі әнімнің сөзін жазса екен деген оймен тағы xабарластым. Бұл жолы 50 мың теңге деді. Шыны керек, сол сәтте әлі тұрақталмаған, жаңадан жеке әнші ретінде шығып келе жатқан шағым болатын. Мен 20 мың теңгеге келісуін өтіндім. Бірақ келіспеді.

Оның үстіне Дулат Құйқыс есімді ақын сөзін тегін жазып берейін деп ұсыныс тастаған соң, мен қуанып сол кісінің сөзімен «Әдемі-ай» атты әнімді шығардым», – дейді Салтанат.

Өз кезегінде Бақаева жас ақын мұндай әрекетке қызғаныштан барған болуы мүмкін деп топшылады.

https://kaz.365info.kz/ysheuimen-gana-bolyp-zhyrmin-almatylykh-aru-17-zhigitpen-khatar-zhyretinin-ajtyp-makhtandy-326954

«Бұл бәлкім, Назеркенің қызғаныштан туып отырған ойы болар… Өз басым қатты ұялып отырмын…», – деп түйіндеді сөзін әнші.

Айта кетсек, қыз ұзату тойларында хитке айналған “Әгугәй, құрбым” әнінің авторы Назерке Семей әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, өз  еңбегі үшін бір тиын да бермегенін айтқан еді. Тіпті, әннің мәтінінен бөлек, әннің минусовкасын да өзі орындағанын айтып, Бақаеваның масқарасын шығарған.

Сөйтсе айтылып жүрген әндегі дауыс Бақаеваның емес, осы ақын қыздыкі екен.

https://kaz.365info.kz/toj-tomalakh-anshi-manshi-zhajly-osek-anshisymakhtardy-zhyldyz-ettik-zhybanysh-zheksenyly-326970

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз