Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қыз “сындырғанға” жақсы. Еркектер базардан қаншық қасқырдың “ана жерін” іздеп жүр

1241

Бүгінде сауда нүктелерінен пұл болатын нәрсенің бәрін де табуға болатыны белгілі. Осы орайда Шымкент­тегі «Жабық базар» мен Қырғы базардан аталған «тауарды» іздестіріп көрдік.

Бір қызығы, бізді таңқалдырған жай көпшілікке бұрыннан-ақ белгілі екен. Жұртшылық оны біледі, дегенмен жаппай сұранысқа ие болмағандықтан оны қайдан, кімнен алуға болатынымен ісі жоқ. Сұрастыра жү­ріп «Жабық базардағы» бір азаматтан ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесі оның бір танысында барын білдік. Біздің өтінішімізбен ол кісі танысына телефон шалып, бағасын біліп берді. Яғни әлгі затты 5 мың теңгеге алуға бо­­ла­ды екен.

Ал Қырғы базарда біз бұл тақырыпта бір әйелмен әңгімелестік. Ол кісіде ондай заттың бес-алтауы бар екен. Кептірілген мүшелерді жарты литрлік банкаға салып қойыпты.

«3 мың теңгеден беремін», – дейді. Ин­тер­­неттен 400 мың теңгеге бағаланып тұрғанын көргенімізді айтқанда: «Өтірік шығар. Алтын жалатыл­ған ба екен, немене?» – деп күліп алды. «Сіздегі мүмкін иттікі шығар, қайдан білесіз? Қасқырды өзіңіз ауламаған боларсыз? Мүмкін сізге қасқыр­дікі деп иттікін әкеліп берген шығар? Негізі мұндайды кімдер әкеліп сатады?» – деп біз де сұрақты бастырмалаттық.

Ол кісінің айтуынша, мұндай затты көбіне сығандар сатады екен. «Жол ашады», «қауіп-қатерден қор­ғайды», «сауда жолын ашады» деп өткізетін көрінеді. Ал бұл кісілер олардан «тауарды» үстінен пайда көру үшін сатып алады. Яғни мұндай та­уарды сатып алушылар жоқ емес.

Әдетте «жол ашатын» нәрселердің тәуіп, палшылармен байланысы болатыны белгілі.
https://kaz.365info.kz/zhezokshe-khyz-opasyz-zhar-pyshpakhkha-shygara-ma-275560
Біз тәуіп ападан қасқырдың жыныс мүшесі жайлы таныс-тамырларынан сұрастырып, естіген-білгенін бізге хабарлауын өтінген едік. Кешегі дүйсенбі күні ол кісі бізге телефон шалды.

«Балам, мынау бір қызық нәрсе екен, – деді ол кісі. – Осы жасыма дейін мұндайды естімеген едім. Ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесінің қасиеті өте көп екен. Қалам-қағазың дайын болса, жазып ал.

Қаншық қасқырдың қынабының шипалық қасиеті көп екен. Оны бала көтере алмай жүрген әйелдер мен белі әлсіз еркектер бойында алып жүрсе, бала сүйеді, қуаттанады. Ол ерлер мен әйелдерге тән көптеген дерттерді жояды.

Одан жасалған тұмарды тағып жүрген еркек әйелдерге өтімді болады. Тек сырын білетін адамға ғана оқытып алу керек.

Оны отбасын тастап кеткен немесе басқа әйелге барып жүрген еркекті кері қайтару үшін де қолданады. Күйеуін қайтарғысы келетін әйел қаншық қасқырдың жыныс мү­ше­сінен тұмар жасатып, киімінің бір жерінде сақтауы керек.

https://kaz.365info.kz/khazakhstandagy-90-zhyldardagy-khylmys-aleminin-khaskhyrlary-266712

Қаншық қасқырдың жыныс мүше­сінен құмар ойынмен айналысатындар да тұмар жасатып алады екен. Сонда қолдары жақсы жүреді дейді. Жалпы, оны жолы ашық болуы үшін көп қолданады деп естідім».

…Біз хабарласқан тәуіп апа осылай деді. Ол кісіден естіген тағы бір жағдай бізді таңқалдырды.

«Бір аңшы таныстарымнан естідім. Ұрғашы қасқыр өзіне өлім қаупі төн­ген ақырғы сәтте өзінің жыныс мүше­сін жұлмалап, іске алғысыз етіп тастайды, саған да, маған да жоқ болсын деген серті бар екен», – дейді ол кісі.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-impotent-38-zhasynda-belsiz-bolgan-zhomarttyn-ajeli-281332

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз