Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

“Қыз деп қалды…”. Астаналық жас қыз ауқатты адамның басын қалай айналдырғанын айтты

123

Астаналық Мөлдір есімді бойжеткен (авт. аты-жөні өзгертілді) осыдан 2 жыл бұрын жасы 40-тан асқан елордалық ауқатты кәсіпкерлердің бірімен танысыпты. Танысудың соңы бірден жеке қарым-қатынасқа өрбіген ол, қазіргі өміріме еш өкінбеймін дейді.

“Екеуміздің таныстығымыз қызық болды. Құрбымның туған күнінен кейін, үйге жету үшін, әдеттегідей такси тоқтапақ болдым. Көп көліктің ішінде дәл менің “сүйіктімнің” тоқтағанын айтсаңызшы? Сөйтіп, көліктің салонына кіріп, үйіме дейін жеткізіп салуын сұрадым. Ол үйіме дейін апарып салып, кетерімде менің телефон номерімді сұрады. Алғашында менен осынша жас үлкен адамның номер сұрағанына таң қалдым, бірақ ішімнен “онда тұрған не бар?” деп бере салдым.

https://kaz.365info.kz/tyrkistan-oblysynda-kelinimen-tosektes-bolgan-khariya-myndaj-khadamga-ne-yshin-barganyn-ajtty-328671

Сөйтіп, үйге кіргенім сол еді, ол хабарлама жазып, ертең кездесуімізді сұрады. Бастапқыда пәтерді жалдап тұрып жатқан құрбыларыма “әкеммен жасты адам кездесуге шақырды” деп айтуға ұялдым. Бірақ, ішіндегі ең жақынына айтып едім, ол бірден “ұят түгі де жоқ, ауқатты адам болса тіптен жақсы, жағдайыңды жасап аласың” деген соң, кездесуге баратын болып шештім.

“Сүйіктіммен” бірінші кездесуімді ешқашан ұмытпайтын шығармын. Қымбат мейрамханада, қымбат тағамдарға тапсырыс беріп, маған әдемі гүл шоқтарына дейін дайындатып қойыпты.

Осынша сый-құрмет көрсетіп жатқанына қатты қуандым. Сөйтіп, сол күні жақынырақ таныстық, әйелі мен балалары бар болып шықты. Әрине ондай жастағы адамның жанұясы болмауы мүмкін емес еді. Бірақ, мен одан қорықпадым. Және өзі де әр сөзінде әйелін сүймейтінін, тек балалары үшін ғана отбасын сақтап жүргенін айтып қалды. Уақыт өте келе тіпті “ажырасып қалуым да мүмкін” дегенді айтты. Сөйтіп, сол түні ол бірден мені өзінің қаладағы зәулім коттеджіне алып барды.

Сөйтсем, оның қалада бірнеше пәтері, коттеджі бар екен. Солардың бірі менікі болады ден сендірді. Шыны керек, оған дейін жігіттермен жақындаспаған едім, сол түні абыройымды соған бердім. Ол менің “пәк” екенімді біліп, тіптен қуанды. Маған барлық жағдай жасайтынымды айтып, алақанына салды. Содан бастап пәтер жалдап жүрген өмірім, күрт өзгеріп шыға келді”, – дейді бойжеткен.

https://kaz.365info.kz/basyma-tayakh-bop-tidi-tanymal-akter-zhas-tokhalyn-tastap-bajbishesine-oraldy-foto-328811

Арудың айтуынша, ол былтыр ғана елордадағы жоғары оқу орындарының бірін тәмамдапты. Алайда диплом алған ол, жұмысқа тұруға асықпайтын көрінеді. Себебі, “жағдайым бар, қызмет қуып қайтемін” дейді.

“Бұл әңгімені естіп, бәлкім, біреулер мені сөгіп, балағаттайтын да шығар. Бірақ қазіргі өміріме дән ризамын. Былтыр оқу бітірдім, топтастарым жұмыс таба алмай, сабылып қанша жүрді. Ал мен оған бас қатырмаймын. Қазір Астанада үш бөлмелі пәтерім бар, астымда қымбат көлігім бар, оған қоса ауылдағы ата-анама жүз мыңдап ақша жіберіп тұрамын. Не ішемін, не жемеймін демеймін. Бойжеткендерге одан артық не керек?

Туған күнімді былтыр Мәскеуде атап өтсек, биыл Дубайға бардық. Айтпақшы, таяуда ғана Дубайдан екеумізге деп пәтер сатып алдық. Оған сәби сыйлаймын деп те бас ауыртпаймын.

Өзінің үш бірдей баласы бар. Рас айтамын, заңды некедегі әйел болып бас қатырып жүргенше, мен сияқты ашына болғанның өзі артық. Қазір қарасаңыз мен тіпті тоқал да емес екенмін. Бірақ осы статусыма өзім дән ризамын.

https://kaz.365info.kz/300-zhigitpen-tosektes-bolgan-khazakhstandykh-khyz-auruy-askhynyp-khajtys-boldy-328833

Ешкім ешкімге міндетті емес, оның алдында ешқандай жауапкершілігім де жоқ. Бұрынғы жан құрбыларым қазір менімен араласпай кеткен. Себебі бәрі менің осындай өмірімді көре алмайды. Аз-маз жалақыларын бір бастарына жеткізе алмай сандалып жүр. Ата-анам мен жалғыз бауырым Астанада мықты жұмыс істейді деп ойлайды. Осындай ауқатты адамды тағдырымда кезіктірген, менің бар жағдайымды жасаған Құдайға мың да бір шүкір деймін. Тағдыр жазса, мүмкін заңды әйелі де болып қалармын. Бәрі бір Құдайдың қолында”, – деп әңгімесін аяқтады ару.

https://kaz.365info.kz/maskhara-su-zhagasyndagy-khazakh-khyzdarynyn-videosy-kopshiliktin-ashuyn-keltirdi-video-328792

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз