Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Қытайға қарызбыз!..». Қырғыз билігі халықтан ақша жинай бастады

https://kaz.365info.kz/tazhik-tauly-badahshandy-berdi-khytajdyn-kharmagyna-ilingen-khyrgyz-endi-ne-istemek-315464

Мемлекетке өз қалауымен көмек бергісі келетін азаматтар бар, оларға жеке есеп-шот ашу керек.

Екіншісі — сыбайлас жемқорлық істері бойынша тәркіленеген мүлік пен қаржы. Қазір осы мәселелер бойынша келісулер жүргізілуде. Бұл есеп-шоттар қаржы министрлігінің жанынан ашылады», — деді қырғыз үкіметінің басшысы БАҚ өкілдеріне берген сұқбатында.

Екінші есеп-шотты сарапшылар қолдады

Жемқорлық істер бойынша тәркіленген мүлік туралы бұрыннан айтылып келеді. Қырғыз Президенті

сыбайлас жемқорлықпен күрес барысында үкімет есебіне түсетін ақша жинақталатын банк есеп-шотын ашу туралы Жарлыққа әлдеқашан қол қойған-ды.

Сарапшылар бұл бастамаға оң баға беріп отыр. Өйткені қазір табыс табуға пайдаланылатын әрбір сом қымбат.

https://kaz.365info.kz/ket-ket-elden-zhienbekov-atambaevty-zher-khyldy-316409

Ал өз еркімен берілетін көмекке келетін болсақ, ол түрлі сұрақтар мен көзқарастар тудырып отыр.

Атап айтарлығы, Қырғыз халқынан көмек сұрау туралы бастаманы бірінші болып көтерген Жоғорку Кеңеш депутаттары.

Халық қалаулысы Қамчыбек Жолдошбаев

елдегі бизнесмендерді Қырғыз елінің Қытай алдындағы қарызын қайтарып беруге шақырып, үндеу тастады.

Ол аз болса,  Қамчыбек Жолдошбаев несиені өтеу үшін үкіметке 1 млн сом (15 мың долларға сәл жетпейтін сома) аударуға дайын екенін мәлімдеді.

Әзірге оның әріптестері бұл идея туралы пікір білдірген жоқ. Халық қалаулысының мұндай бастамасына кәсіпкерлердің қалай қарайтыны да әзірге беймәлім. Дегенмен

қарызды өтеуге жиналатын есеп-шотқа әзірге ешқандай қаржының түспегені біраз нәрсені аңғартатындай.

Халық не дейді екен?

Әлбетте, бұл бастамаға ешкім оң қабақ танытып отырған жоқ!

«Қарыз алғанда ешкім бізбен келіскен жоқ», «Жемқорлардың мүлігін бұғаттап, тәркілеңдер», «Халық неге билік басындағылардың шалыс басқаны және жемқорлыққа барғаны үшін жиған-тергенімен бөлісуі керек?»,

деген наразылық білдіруде.

https://kaz.365info.kz/atambaevtyn-adamy-ma-khyrt-zhienbekov-eks-prezidenttin-komandasyn-tas-talkhan-etti-318617

Сыртқы қарыз, әсіресе, соңғы 5 жылда қатты өсіп кеткен. Салыстырмалы түрде алсақ:

Несиенің ең көп өскен кезеңі (жыл сайын $192 млнға) — Алмаз Атамбаев президенттік еткен жылдарға келеді,

Ақаев пен Бақиевтың тұсында өсім 150 млн доллардан асқан емес.

Сыртқы қарызды елдегі жұмысқа қабілетті әр адамға шаққанда, адам басына, шамамен,1500 доллардан айналады екен.

Алайда қазіргі таңда, тіпті, жұмыс істейтіндердің 50 проценті мұндай көмек беруге дайын емес. Өйткені өздерінің жеке басындағы тауқыметтер жетіп артылады.

Соның салдарынан, Қырғыз үкіметіне ерікті көмек беру туралы бастамаға жауап ретінде «көрпеге қарай көсілу керек еді» деген халық даналығын жолдауға болады.

Ал шыдап келгенде айтарымыз, қазіргі билік басындағы шенділердің «маңдайының соры екі елі екен».

https://kaz.365info.kz/zhienbekov-zhendi-ozi-akelgen-adammen-alyskhan-atambaev-endi-ne-istejdi-312694

Өйткені

қазіргі «ақ жағалылар» өздерінің алдында билік басында болған шолақ етектілердің «былығын» мойынымен көтеруге мәжбүр болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз