Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

“Қытайдың жібергісі жоқ”. Димаштың Гуанчжоудағы концертінің видеосы пайда болды

Одан бөлек, Димаш концертті жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді. Ол жырақта жүріп, анасын қатты сағынғанын айтып, „Мама„ әнін музыкалық сүйемелдеусіз орындап берді.

 

https://kaz.365info.kz/kontraktimen-bajlap-khojypty-dimash-khytajdan-zhakhyn-arada-oralmajdy-258882

 

Айта кетелік, 14-кезеңге созылған Қытайдағы Singer-2017 кәсіби әншілердің байқауына қатысқан Димаш Құдайберген гонконгтің әнші қызы Sandy Lam-ге жол беріп, ІІ-орын алды. Бірақ Қытай халқы оны І-ші деп танып, оған Тәңір жарылқаған әнші, Ән әлемінің адмиралы, Ақ ханзада сынды аттар беріп, көкке ұлықтады. Осыған сай Димаш Қытайдағы беделді екі атаққа ие болды: Азиядағы ең үздік әнші және халықаралық деңгейдегі мықты әнші.

 

https://kaz.365info.kz/mynsha-korermen-tyrganda-men-khajda-ketem-dimash-khytajda-khalatynyn-ajtty-video-255245

 

Қазір Димаш Қытайды аралап, концерт беріп жүр. Арасында Францияға барып, өнер көрсетіп келген. Ал әлем елдеріне турнесін Димаш ЭКСПО кезінде Астанадан бастамақшы. Оны асыға күтіп отырған шет мемлекеттер өте көп. Осы концерттен соң Димаш Францияға ұшып кеткен. Онда 17-мамырда Канн кинофестиваліндегі қазақстандық павильонның ашылуы кезінде Димаш ән салатын болады.

 

https://www.youtube.com/watch?v=QWMz0YyWrjc

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз