Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытайда қазақстандық студент қыз 14-қабаттан құлап, мерт болды

Оқиға 1 желтоқсан күні Шанхай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Судьжоу қаласында болды. 1999 жылы Алматы облысында туған студент қыз Судьжоу қаласындағы университеттердің бірінде 2-курста оқып жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, 1 желтоқсан күні Пәкістан азаматы қазақстандық бойжеткен мен оның құрбысын өз туған күнін атап өтуге шақырған. Пәтерде ҚР-дың екі азаматшасынан бөлек, тағы бір пәкістандық болған.

Ер адамдар ішімдік ішіп, қыздарға қол жұмсай бастаған соң, олардың бірі пәтердің бір бөлмесіне қашып кіріп, есікті іштен жауып алған. Біршама уақыттан соң бөлмеден шыққан қыз құрбысының 14-інші қабаттан құлап кеткенін көрген.

ҚР СІМ баспасөз қызметі басшысының айтуынша, әзірге қыздың өзі секіріп кеткені, болмаса біреудің итеріп жібергені нақтыланған жоқ. Дегенмен, сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде қыздың биіктіктен құлау салдарынан көз жұмғаны расталды. Сараптама сондай-ақ оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын көрсеткен.

«Шанхайдағы Қазақстан Консулдығы мен ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі бұл мәселені өзінің тікелей бақылауына алды. Марқұмның денесі 25 желтоқсанда Қазақстанға жеткізілді. Оған ҚР елшілігі барынша көмек көрсетті», – деп атап өтті Әнуар Жайнақов.

Ресми өкілдің хабарлауынша, мерт болған қыздың құрбысы Судьжоудағы оқуын жалғастыруда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз