Қазақстанда тікұшақ құрастырып, құрышпен қапталған техника да шынжыр табанды танкілерді де шығаратын арнайы кәсіпорын бар.
Әскери-өндірістік салаға ерекше мән берілген. 60-қа жуық мемлекеттің әскери атташесі, Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері Бейжіңде Қазақ Қарулы Күштерінің 25 жылдығын атап өтті деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Александр Мельничук, Украинаның ҚХР Елшілігіндегі әскери-әуе және әскери-теңіз атташесі:
– Бірінші кезекте Қазақстанның өкілдерін 25 жылдық мерейтоймен құттықтаймын. Менің Қазақстан Қарулы Күштерімен 2004-2005 жылдары Иракта бірлесіп жұмыс істеген тәжірибем болды. Әскери қызметкерлердің жауынгерлік тапсырманы өте кәсіби орындағанын атап өткім келеді.