Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қытай шығар…”. Кәрістер Ыбырай Алтынсаринге аяқ сүртіп жүр (фото)

Бұл туралы Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ZTB тобының парақшасында жазылды.

«… Тіпті, танымай-ақ қойсын, бірақ адам бейнесін таптап жүрудің өзі адамгершілікке жатпайды ғой. Одан соң,

туристер аяғын сүртіп кіріп жатқан төсеніштегі қазақтың алғашқы педагогының бейнесін көргенде басында абдырап қалдым. Қатты қорландым.

Өз-өзімнен ұялып кеттім», – деп жазды пост авторы.

Сөйткен студент бірден төсенішті алдыртып тастауға тырысқан.

«Сатушылардан төсеніштегі кім екенін білесіздер ме деп сұрадым, «Білмейміз. Қытайлық біреу шығар…», дейді өздері. Қазақ үшін оның ұлы тұлға екенін түсіндірмек болғанымда сатушының бірі келушілердің көп екенін айтып, мазаламауымды өтінді. Екіншісі естілеу біреу екен, дегенмен маған сөзімді дәлелдеуді сұрады. Сол арада Интернет шарлауға тура келді.

Мән-жайға қанық болған соң, менен кешірім өтініп, төсенішті алып тастауға уәде берді. Өкінішке орай, сатушы төсенішті менің көзімше алған жоқ,

дүкенде халық қарасы көп еді. Кейінірек дүкенге тағы да барамын», – деп жазды студент.

Ал желі қолданушылары Алтынсарин портретінің Оңтүстік Кореяға қалай жеткеніне таңданыс білдіруде.

https://kaz.365info.kz/byl-khazakhty-khorlau-goj-darethana-aldyna-abajdyn-sureti-bar-kilemshe-tastalgan-256404

Айта кетелік, ВКонтанкте желісіндегі осы топ сәуірдің басында Алматы қаласындағы көше дәретханасы алдында жатқан Абайдың бейнесі бар төсенішті жариялап, бұл да әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызған.

Өз кезегімізде біз құзырлы органдардан бұл мәліметтердің рас-өтірігін зерттеп, оның қорытындысын қоғамға жеткізуді сұраймыз. Егер рас болса, онда бұл бассыздықты тоқтатудың бір жолын қарастыруымыз керек. Бұл дегеніңіз қазіргі ұрпақ үшін үлкен күнә ғой. Мұны көргенше өліп кеткенін артық емес пе?..

Расында, төсеніштің аты төсеніш. Ол төсеуге арналған дүние. Ол дүниені шарлап, қай дүниенің бұрышына бармайды дейсіз? Сондықтан, мүмкін төсенішке ұлы тұлғалардың суретін салмау туралы арнайы заң қабылдауымыз керек шығар.

Ұлт көсемдерін қорлатпаудың тағы қандай жолы бар?.. Ойларыңызды ортаға сала отырыңыздар…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз