Саясаттанушы, қытайтанушы Әділ Қаукенов коронавирустың таралуымен тұрмыстық синофобиялық (синофобия дегеніміз – антиқытайлық көңіл-күй, Қытайға, қытайлықтарға деген жеккөрініш сезім) көзқарастың азаюда. Алайда Батыс пен Қытайдың саяси қарым-қатынасы шиеленісіп кеткен.
— Төтенше жағдай кезінде адамдардың түрлі мінезін көруге болады. Дағдарыс адамдардың шын мәнінде кім екенін көрсетті. Бойында адамгершілік пен батылдық қасиеті бар адамдар қазір де вируспен күреске шексіз үлес қосуда. Олар — індет ошағының дәл ортасында жүрген медициналық қызметкерлерден бастап, мұқтаж жандарға көмек қолын созған еріктілер.
Нәсілілдікті жақтайтын адамдардың шын бейнесі көрініп, түрлі саяси ойындар ойналуда. Алаяқтарда жағдайды өз пайдасына икемдеп отыр
Эпидемия басталғаннан кейін Еуропа мен АҚШ-та байқалған азиаттарға қарсы шабуылдар мен тұрмыстық нәсілшілдікті осыған жатқызуға болады.
Алайда бұндай оқиғалардың қатары күрт төмендеді, себебі —эпидемия орталығы Азия елдерінен (Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония) Италияға және басқа Еуропа елдеріне ауысты
Бізге коронавирус Қытайдан емес, Германиядан келгенін айта кетейік.
— Тіпті қалжыңдар да өзгеріп кетті. Егер бастапқыда адамдар: «Мен Уханнан келдім» десе, қазір: «Кеше Миланнан келіп едім» деп әзілдеседі
Бірақ біреуді сынап-мінегенді жақсы көретіндер тағы бір ілік тауып алды. Мәселен, әлеуметтік желілерде өзінің вирус жұқтырғанын ашып айтқан қызды жерден алып, жерге салғандар көп болды. Шетелге шыққандар мен карантин кезінде елге келіп үлгемегендерге де көп сын айтылды.
— Қытай коронавирус туралы сыбыстар мен жалған ақпаратқа ешқандай жауап бермеді. Қазіргі таңда эпидемияға қатысты көптеген материал шығарып, нақты жағдайды баяндайтын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осыған қатысты алаңдаулшылық танытып отыр.
Эпидемиологиялық дағдарыс кезінде АҚШ пен ҚХР-дың ара қатынасы шиеленісіп кетті
Шын мәнінде, осы екі алыптың қарым-қатынасы эпидемияға қарамастан күн сайын бұзылды, бірақ коронавирус та өз әсерін тигізді.
Вашингтон Пекинді вирусты ел шекарасынан шығарып алды деп айыптады, Қытай болса вирустың америкалық зертханалардан Уханға келгенін мәлімдеді. Бұл нұсқаны Иран да қолдап, коронавирусты АҚШ шығарды деп кінәләп отыр. Бұл мәлімдемелердің дипломатиялық жанжалға әкелетіні сөзсіз.
Саясаттанушының айтуынша, бүгінде АҚШ-тағы індеттің салдары өте ауыр болып отыр. Ол вирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты.
— Сондықтан сыртқы саяси күрес өршіп кетуі мүмкін.
Батыс тез арада індеттің емін тауып, одан келген экономикалық шығынның орнын толтыруы керек