Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қытай әлемді қалай басып алмақ? (2-бөлім)

381

Біз Бейжиннің кибер кеңістікте қалай көшбасшы болмақшы екенін және бүкіл цифрлық кеңістікті қалай  жаулап алмақшы жөніндегі Қытайдың керемет жоспарлары жайында мақаламыздың біріші бөлімінде әңгімелеген едік.  Ал бүгін Қытайдың цифрлық бастамалары туралы айтатын боламыз.

Си Цзиньпин наразы: шетелдік компаниялар өздерінің зияткерлік меншігін сатудан мол табыс табады. Ал сол кезде қытайлық бизнесмендер өздері өндірген өнімді сатудан түскен мардымсыз маржаға, яғни баға айырмашылығынан түскен азын-аулақ кіріске күн көруде.

Ал егер технологиялық стандарттарды бақылауға қол жеткізілетін болса, Қытай өз компанияларына роялтиден және лицензия сатудан түсетін табысты қамтамасыз етеді.

Қытай әлемді қалай басып алмақ? (1-бөлім)

Басқа мемлекеттер қытайлық платформаларға сәйкес келетін өнім шығаруға мәжбүр болады.

Соңғы 10 жылда Қытай стандарттаудың түрлі халықаралық ұйымдарына енген делегациялардың сандық және сапалық құрамдарын көбейтті.

Мобильдік байланыс технологияларының 3- және 4-ұрпақтарына арналған стандарттар туралы пікірталастан қалыс қалған Huawei, 2016 жылы мобильдік байланыстың 5-ұрпағын дамыту жөніндегі Венада өткен мәжіліске басқа компанияларға қарағанда, екі есе көп қызметкерлер жіберді.

mcgrp.ru

БҰҰ деңгейіндегі лобби

Си Цзиньпиннің тұсында

Қытай кибер кеңістік аясындағы халықаралақ институцияларға өз пікірін тели бастады.

Бұған жауап ретінде Обама әкімшілігі Бейжинге қысым көрсетіп, америкалық компанияларға шабуыл жасады-мыс деп, қытайлық хакерлерді айыптай бастады.

Дегенмен 2015 жылы екі ел коммерциялық артықшылыққа қол жеткізу үшін ұрлықтың  цифрлық әдістерін қолданбау туралы келісімге отырды. Осыған ұқсас келісімдерді Қытай Австралия, Канада, Германия және Ұлыбритания сияқты елдермен де жасасты.

Десек те, ҚХР кибер кеңістікті дамытуда өзінің ережелерін орнатуға тырысып бағуда, енді БҰҰ деңгейінде.

Желіні дамытудың батыс моделі интернетті реттеудің өкілеттерін түрлі органдар, жеке сектор, азаматтық қоғам және басқа мүдделі тараптар арасында бөлудің либералдық-демократиялық принциптерге негізделген.

Интернетті дамытудың қытайлық нұсқасы Батысты есінен тандырып тастады, өйткені ол тек мемлекеттік орталықтандырылған модельді қарастырады.

2017 жылы Бейжин «БҰҰ көшбасшылық етуімен кибер кеңістікті реттеу мәселесінде осы реттеудің ережелері бойынша халықаралық консенсусқа келудің көп тарапты тәсілдемесін ұсынды».

Қытай кибер кеңістікте материалдық дүниенің заңдарын пайдаланғысы келетін Вашингтонға жүйелі және қасарысқан түрде қарсы пікір білдіруде. Атап айтқанда, қарулы қатығыс. Бұл жерде оқырманға бір жайтты ескерткен жөн: 2004 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта БҰҰ жанындағы Үкіметтік сарапшылар деп аталатын топ кибер кеңістіктегі тәртіптің бір қатар ережелерін дайындап, қолданысқа енгізді.

Apple мен Google компартияның саясатын қолдады

Қытай осы ережелерді 2013-2015 жылдары қабылдады. Бірақ бүкіл әлемді киберкеңістікте бейтараптық концепциясын қалай пайдалану керек, түрлі шабуылдарға қалай тойтарыс беру керек және өзін өзі қорғау құқығы қандай болу керек деген мәселелер төңірегіндегі бітпейтін тақылауларға ұрындырды.

Атап айтарлығы, Бейжин үнемі келесі мәселені алға тартуда –

кибер кеңістікте халықаралық заңдарды пайдалану жөніндегі кез келген пікірталас милитаризацияға әкеліп соғады.

2017 жылы Ресей мен Қытай БҰҰ жанындағы Үкіметтік сарапшылар тобы есебінің шығуын бұғаттап тастады, өйткені бұл екі ел өзін өзі қорғау туралы тұжырымдамаға қарсы болған еді.

Қытайға енді БҰҰ алаңы да жеткіліксіз болып тұр. Бейжин Бүкіләлемдік интернет-конференция құрды, ол жыл сайын ҚХР-дың Вужен қаласында өтеді. 2017 жылы бұл шараға Apple мен Google-нің басшылары Тим Кук мен Сундар Пичай қатысты.

Кук оның компаниясы ҚХР басшылығының «ашықтық және ортақ игілік үшін цифрлық экономиканы дамыту» бөлігіндегі  ұстанымын қолдайтынын мәлімдеді. Осылайша ол компания Қытай басшылығының талабына бағынғанын және одан ары компартия саясатының аясында қызметтесуге дайын екенін білдірді.

«Санкция ма? Ресей экономикасы былқ етпейді» – сарапшы

Жібек жолы аясындағы ілгерілеу

Осы орайда, әрине, Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасын айналып өтуге болмайды. Қазіргі таңда Қытай үкіметі және қытайлық компаниялар цифрлық инфрақұрылымды дамытудың осы жоба қамтитын барлық бағыттарына өз қаржыларын салуда.

Мәселен, Alibaba «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Оңтүстік Азияда экспансия жүргізетінін мәлімдеді.

Портал электрондық саудамен айналысатын пәкістандық Daraz компаниясын сатып алды. Енді сол арқылы Малайзия мен Тайланд үкіметтерінің көмегі арқасында еркін сауда аймағын іске қосты. Сөйтіп, Малайзия мен Тайландтағы шағын және орта бизнеске Қытаймен сауда жасау үшін кедендік процедураларды жеңілдетуде, логистикалық ықзмет көрсетуде қолдау жасамақшы.

ZTE де «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы қамтыған 50 елде стратегиялық әрекет етуде. Компания оптико-талшықты кабельдер жүргізеді және цифрлық бейнебақылау саласында карталау және бұлтты сақтау жөніндегі қызметтерді көрсетеді.  Бұдан бөлек, Эфиопия, Нигерия, Лаос, Шри-Ланка, Судан және Түркия қалаларында мобильдік байланысты реттейді.

Батыс демократиясының сұмдықтары

АҚШ-тың жаһандық интернетте көшбасшы болуы, бұл елге экономика, әскери іс және қауіпсіздік салаларында сансыз артықшылықтар береді. Америкалық уникум бүкіл әлемдегі адамдар туралы мәліметтерді сақтайтын роутерлер мен серверлерді ойлап тапты және құрастырды, алғашқы ұялы телефондар мен дербес компьютерлерді шығарды, кибер кеңістікті құрастыратын ПО жасап шығарды.

Қытайдың компартиясы осы тамаша бастамалардан ел экономикасына көбірек динамика және өзінің «жұмсақ күшін» тарататын құралдар беретін тың күшті көре қойды.

Қытай технологияларының жаһандық экпансиялануына қарай, ҚХР арнайы қызметтерінің бүкіл әлемнен мәліметтер жинау бойынша мүмкіндіктер көбейе түседі.

Ал барлық осы экспансияның артында батыс демократиясының ең үлкен фобиясы – Қытайдың барлық істе неғұрлым көбірек орталықтандыруға деген ұмтылысы тұр. Сондықтан Батыс қорғаныс шараларын қолдануда. Австралия, АҚШ және Еуропа

қытайлық технологиялық компанияларды саяси қысымға ұшыратуда,

билік Huawei компаниясына Австралия аумағында 5G мобильдік байланысының болашақ желісіне арналған құрал-жабдықтарды жеткізуіне тыйым салу мәселесін қарастыруда.

Вашингтон қытайлық бизнесті америкалық технологиялық компанияларға инвестициялар салудан шеттетудің үнемі жаңа әдістерін ойлап табуда. Олардың соңғысының ішінен China Mobile компаниясының ПО-сын бұғаттауды атауға болады. Әйтпесе, ол АҚШ-тың телекоммуникациялық желісіне бірігер еді.

Жеке жарлықпен амеикалық әскери базаларда Huawei және ZTE шығарған смартфондарды сатуға тыйым салынды.

АҚШ компанияларына үнемі жаңа тыйымдар мен шектеулер жіберілуде. Олардың мақсаты – қытайлықтардан сатып алуларды неғұрлым көбірек қысқарту.

Әзірше, баяғы екпінмен бүкіл әлем кибер кеңістіктің көшбасшысы ретінде Америкаға жалтақтайды, бірақ АҚШ барлығын баяғыда түсінді,

болашақта америкалық компаниялар құрған кибер кеңістікте Қытай көшбасшылық жасайтын болады.

«… не істесе де, болашақта кибер кеңістік амеркалық болудан қалып, қытайлық бола бастайды», — деп мәлімдеді кибер кеңістік пен цифрлық қауіпсіздікті дамыту саласындағы америкалық сарапшы Адам Сигал.

«Қазақстанға өлім сценарийі келуі мүмкін» – Айдан Кәрібжанов

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз