Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қытай әлемді қалай басып алмақ? (1-бөлім)

606

Сонымен, журналист не дейді?

“Әлемдегі тепе-теңдікті сақтау үшін Сталин атом қаруына ие болу үшін күресті. Ал қазір кеңестік көшбасшының заманауи «баламасы» – Си Цзиньпин ең үздік цифрлық технологияларға қол жеткізуге ұмтылуда.

Техноұлтшылдық

Өз билігінің алғашқы күндерінен бастап, Си Цзиньпин интернет Қытайдың және бүкіл әлемнің дамуында ерекше рөл атқаратынын білдірді. Уақыт өте келе, Си контентіне мониторинг жасауға және оны реттеуге болатын, кибер қауіпсіздік саласын және цифрлық экономиканы дамытатын Қытайдың кибер кеңістігі басқармасын құрды.

«Ана сайқымазақ па?..». Қуат Найман министр мен депутаттарды «нокаутқа» жіберді (видео)

Өзін басқарма төрағалығына сайлаған Қытай көшбасшысы интернетті дамытудың келесі принциптерін белгіледі:

Бірінші. Интернет экономикалық өсімге, қоғамдық пікірге ықпал етуге, Қытайдың кибер кеңістігіне зиянды ықпалдың енуіне тойтарыс беруге жағдай жасайды.

Екінші. Қытай цифрлық коммуникациялар секторын  дамытуға қажетті шетелдік жеткізушілердің тауарларына, қызметтері мен технологияларына деген тәуелділікті неғұрлым төмендетіп, болашақта жасанды интеллект (ЖИ), Квант компьютерлері және робототехника саласында әлемдік көшбасшыға айналуы тиіс

Си былай деп, мәлімдеді:

«Инновациялар мен технологиялық даму саласындағы бастама біздің қолымызда болуға тиіс».

Бұл жерде «біздің қолымызда» дегені — ҚХР компартиясы.

mediasat.info

ҮшіншіКибер шабуылдардан тиімді қорғаныс құру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қытайдың халық азат ету армиясында (ҚХАА) кибер әскер құрылып, ол Қытай басшылығының жаңа саяси бағыты – техноұлтшылдықты жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Техноұлтшылдық — ұлттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында шетелдік технологияларды отандық баламалармен алмастыру.

ТөртіншіКиберкеңістіктегі Қытай егемендігін АҚШ-тың жаһандық басымдығына қарсы қою.

ҚХР кибер кеңістіктің сыртқы ресурстарына тәуелді емес, өз интернетін құрды.

Цензура

Соңғы бес жылда Бейжін әлеуметтік желіге бақылауды күшейтті. Мәселен, 2017 жылғы наурызда билік Tencent компаниясына (Қытайдың екінші цифрлық алыбы), сондай-ақ кейбір басқа компанияларға

тарих, халықаралық қатынастар және әскери істер мәселелерін талқылаған веб-сайттарды бұғаттауды бұйырды.

Бірнеше айдан кейін, Қытай компартиясының 19 съезінің қарсаңында Tencent, Baidu (Қытайдың меншікті іздеу қызметі) және Weibo (микроблогингке арналған платформа) тыйым салынған контентті орналастырғаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

«Аруақты алып тастапты…». «Меломен» тобы не бүлдіріп жүр?

Бұдан бөлек, үкімет телекоммуникация компанияларына жеке виртуалды жүйелерді (VPN) жүктеп алуға болатын ресурстарды бұғаттауға бұйрық берді. Сөйтсек, Қытай азаматтары оларды цензураны айналып өту үшін пайдаланыпты.

ҚХР-де жұмыс істейтін батыс компаниялары биліктің талабына бағынды.

Apple өзінің App Store онлайн-дүкенінің қытайлық нұсқасынан VPN-ді алып тастады.

Бұдан бөлек, Қытайда онлайн-форумдардың иелері қатысушылардың сөзіне жеке жауап беруді көздейтін заңдар қолданысқа енгізілді. Кейбір өңірлерде үкімет көшедегі бейнекамераларды, сенсорлық құралдарды және адмның беті мен дауысын тануды біріктіретін эксперименталды платформаны іске қосты. Біртіндеп, ол жалпы ұлттық болады деп болжаналуда.

Осы шаралардың барлығы Қытайдың кибер индустриясын түбегейлі өзгерткен заңдардың, ережелер мен стандарттардың күрделі жүйесінде қарастырылған.

Қытайдың және шетелдердің аса ірі компаниялары барлық мәліметтерді ҚХР-дың аумағында сақтауға міндетті.

Шетелдік компаниялар жаңа талаптар мен технологиялық кәсіпорындардың қызметіне жасалатын таусымайтын тексерулер ҚХР-дағы бизнес жүргізу құнын қымбаттады деп, алаңдауда.

Қазіргі таңда Қытай ғылыми зерттеулерге $233 млрд жұмсап отыр, бұл бүкіл әлемде осы салаға құйылған қаржының 20 процентін құрайды.

ҚХР жыл сайын миллиондаған инженерлер дайындайды, ондай көлемді әлемдегі ешбір ел еңсере алмайды. 2018 жылы аспанасты елі ғылыми жарияланымдар саны бойынша АҚШ-ты басып озды. Бұрын Қытайдың ғылыми секторын елемейтін батыстың ғылыми әлемі қазір ҚХР ғалымдарының еңбегіне жиі сілтеме жасайтын болады.

Цифрлық материяның үш алыбы

Жартылай өткізгіштер, квант компьютерлері мен жасанды интеллект (ЖИ) құрған Қытай, кибер кеңістік мәселесінде ешкімге тәуелді болмай, өзін өзі қамтамасыз ететін болады.

«Кенесарының басы қайда?..». Шерхан Мұртаза. Бір кем дүние

Егер бұл елдің өз нарығын отандық тауар толтыруға әуестігін ескеретін болсақ, кейде, тіпті, зауыттарды тұтасымен басқа елдердің аумағына шығаруға тура келеді, мұнымен қоймай,

ол интернет пайдаланушы өңірлерді толығымен міндетті түрде АҚШ-тан тартып алады және осы қадамды жақын көршілерінен бастауы ғажап емес.

Әзірге, бұған қол жеткізуге кейбір жағдаяттар кедергі келтіруде.

Қытай әзірге жартылай өткізгіштер өндірісін тиісті жолға қоя алмай отыр. Соның салдарынан ол 2016 жылы осы өткізгіштерді $228 млрд-қа стаып алды. McKinsey консалтингтік компаниясының мәліметтері бойынша, бұл сома шикі мұнай импортына жұмсалған қаржыдан асып түседі.

Осы жылдың сәуір айында АҚШ санкцияларына телекоммуникациялық құрал-жабдықтар мен құрастырушыларды өндіру жөніндегі көшбасшылар тізімінде төртінші тұрған, ZTE Қытай алыбы тап болды.  Мұндай компанияға жартылай өткізгіштер, әдетте, АҚШ-та оларды микрочип деп атайды, үнемі және шексіз көлемде қажет.

Санкция енгізілгеннен кейін компания өзінің негізгі өндірісін уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Мауксым айнда Трамп санкцияларды кері шақырып алды, ал осы кезде Си Қытайдың ең үздік ғалымдарын жинап алып, олардың алдына жартылай өткізгіштерді  өндірісін жолға қою бойынша нақты тапсырма қойды.

Айтпақшы, сонау 2015 жылы билік бизнес иелеріне қатысты мәлімдеме жасады. Міне, сол мәлімдеге сәйкес, қытайлық компаниялар 2025 жылға қарай  отандық жоғары құрал-жабдықтарға қажетті технологиялық микропроцесслорлардың 70 процентін шығаруға тиіс. Осы мақсатқа ҚХР үкіметі екі бесжылдыққа $150 млрд қаржы бөлді.

Осымен бір мезетте Қытай АҚШ-тан дайын технологияларды сатып алуға тырысты. Батыстың Rhodium Group зерттеу компаниясының есептеуінше, 2013 жылдан 2016 жылға дейінгі аралықта

қытайлықтар америкалық жартылай өткізгіштер өндірушілерінен технологиялар сатып алуға жалпы сомасы $37 млрд-ты құрайтын 27 тапсырыс берген.

2000-2013 аралығында Қытай америкалық Lattice Semiconductor компаниясына жалпы сомасы $1,3 млрд құрайтын алты тапсырыс берген және Fairchild Semiconductor компаниясына $2,3 млрд ұсынған. Алайда барылық тапсырыстарды қауіпсіздікті мәселелерін алға тартқан АҚШ үкіметі бұғаттап тастады.

Квант компьютерлері

Теорияға сәйкес, мұндай құралдар квант механикасының принциптері негізінде жұмыс істейді және соның аясында квант-биттер бір мезетте бірнеше есептеулерді жүзеге асыратын.  Мұны әзірше заманауи компьютерлер жасай алмайды. Жақында Қытайдың күштік құрылымдары өздерінің қарауына ақпаратты жоғары қауіпсіздік деңгейінде шифрлайтын, содай-ақ кез келген шифр мен кодты бұзатын телекоммуникация арналарын алмақ.

Мәліметтерді көз ілеспес жылдамдықпен өңдейтін квант компьютерлері жаңа фампрепараттар өндірісін, мәліметтерді талдауды және оларды дайындау процессін толығымен өзгертеді.

Мұны растау үшін келесі фактіні келтіруге болады: 2016 жылы  Қытай әлемде бірінші болып, кванттық шифрланған ақпаратты қабылдайтын және жіберетін спутникті ұшырды,

сондай-ақ Бейжиннен Шанхайға дейін әлемдегі ең ұзын кванттық коммуникациялық кабель тартты.

Осы саланы дамытуға жұмсалып жатқан ақша көлемі құпия сақталуда.

Мағбат Спанов: «Ресей? Санкциялық соғыстың көкесі әлі алда»

Алайда салыстыру үшін мынаны айта аламыз:

дамыған мемлекет зертханада жұмыс істейтін кванттық компьютингтің жұмыс істеуі үшін, орташа есеппен, $1 млрд жұмсайды.

Жасанды интеллект

ЖИ – бұл, әрине, это, конечно же, вишенка на торте. 2017 жылы ЖИ мәселелері жөніндегі мемлекет, ұйыдар мен компания басшыларының конференциясында Googleнің экс-басшысы Эрик Шмидткелесідей мәлімдеме жасады:

ЖИ-ді жасауға қол жеткізген Қытай 2020 жылға қарай бүгінгі таңдағы адамзаттың ең озық ақыл-ойын қуып жетіп, ал 2025 жылға қарай оны базып озады.

2030 жылға қарай қытайлықтар ЖИ қатысты барлық секторлар бойынша басымдыққа ие болады. Айтпақшы, өткен жылы Қытай билігі Baidu, Tencent, Alibaba және iFLYTEK (дауысты танитын ПО өндірісі) компанияларына 2030 жылға қарай ЖИ жасап шығаруды тапсырды.

Мұндай жағдайда Ақ үй Пентагонға қандай тапсырма береді екен? 2030 жылға қарай Қытай коммунизмінің осы жетістігін бақылауғалға  қабілетті қару құруды немесе оны толық жоюды бұйырама екен?

Егер Сталин әлемдегі тепе теңдікті сақтау мақсатында атом қаруына қол жеткізу үшін күрессе, оның заманауи «баламасы» Си ең озық цифрлық технологияларға қол жеткізу үшін күресуде.

Өткен ғасырда нақты қалыптасқан таптық күрес, идеологиялық жүйелердің бәсекесі, қарулану мен технологиялар жарысы жаңа ғасырға және кибер кеңістікке аяқ басты.

Қытайдың цифрлық бастамалары туралы келесі мақаладан оқисыздар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз