Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қысымға ұшыраған Қытай қазақтары биліктен араша сұрады

Олармен байланыс орнату да мүмкін болмай тұр. Ғаламтор байланысы түгел үзілген. Тіпті, қамауға түскен азаматтардың осындағы ағайын-туғандары да ақпаратқа жарымай отыр.

Қазіргі уақытта қамауда отырған 31 қазақтың тізімі бар. Себептері әр түрлі. Негізінен, Қазақстанға көшпек ойы болғаны үшін немесе Қазақстанға көп келгіштегені үшін сотталған дейді туыстары.

Соның айқын бір мысалы Жұмадан деген жігіттің басында болған. Әкесін қамауға алғанда себебін сұрай барса айтқандары мынау болыпты.

“Сұраған кезде полиция қызметкерлері айтқан екен, сен Қазақстанға жиі өтіп тұрады екенсің. Сенің Қазақстанда жүріп идеяңда ауытқу болуы мүмкін. Сондықтан, біз сенің идеяңды тазалаймыз. Сені оқытамыз деп саяси үйрену орталығы деген бір орынға алып кетіпті”, – дейді оралман Жұмадан Жарқынбекұлы.

Сол саяси үйрету орталығының соңы 10 жылға түрмеге жалғасқан. Қазір әкесінен еш хабар ала алмай отыр. Дегенмен, бүгін жиын өткізген азаматтар текке қарап отырмақ емес. Олар да қарекет қылып, адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдарға өтінішпен шықпақшы.

Министрлік пен белсенді азаматтардан бөлек, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы да жағдайдың оң шешілуіне алаңдаулы. Ендігі шаруа тек уақыт еншісінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз