Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Қыста қатпайтын әйнек жуатын су, антифриз енді өзімізден шығатын болды

144

Болашақта мұнда химиялық реагенттер, цемент ерітіндісі мен пластик ыдыстар шығару жоспарда бар. Индустриалды аймақта орналасқан жаңа цех толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жалпы, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ашылған индустриалды аймақта 6 ірі инвестициялық жоба игеріліп жатыр. Соның бірі – көлік дөңгелектерін қайта өңдеп, одан ойын және спорт алаңдарына арналған төсеніш жасайтын цех.

Құны 1 млрд теңгеден асатын жобаның елімізде әзірге баламасы жоқ. Бұл өндіріске 35 адам тұрақты еңбек етіп жатыр. Жалпы, өңірде экспортқа бағытталған және импортты ауыстыратын өндіріс орындары қарқынды дамып келеді.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

– Алып зауыт оңай емес. Бірақ шығарып жатқан өнімдер керек. 30 адам жұмыс істейді, ертең 50 адам болады. Сөйтіп біз индустриалды аймақты толығымен іске қосуымыз керек. Негізі біздің мақсатымыз да, Мемлекет басшысының бізге қойып отырған талабы да сол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз