Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қысқартамыз!”.Қазақстанда мыңнан аса шенеунік қызметінен айырылуы мүмкін

Енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты –

бизнесті реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіре түсу.

Заңда мемлекеттік бақылау функцияларын шамамен 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, қазір республикада әртүрлі деңгейде 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Қабылданған заң аясында талдау жүргізіліп, олардың санын қысқарту бойынша нақты жоспар жасалды.

Тимур Сүлейменов

“Біз талдау жүргіздік, қазір бізде қанша адам қысқаратыны туралы нақты жоспар бар. Шамамен, 1 131 шенеунік. Бірақ олар жұмыс істеп жатқандар бола ма, немесе бос орындарды қысқартамыз ба, ол жағы әлі белгісіз”, — деді Сүлейменов мәжіліс дәлізінде.

Министр шенеуніктерді қысқарту туралы соңғы шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайтынын атап өтті.

“Қабылданған шаралар президенттің Қазақстанда ықшам әрі тиімді үкімет құру туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді”,

— деді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз