Үш жыл болды. Қазақстаннан орыстар тоқтамай көшіп кетіп жатыр. Санкцияға да қарамапты. Оны биылғы статистика тағы бір айғақтады.
Неге көшіп жатыр? Ол жағын білмедік.
Жағдай үшін дейік десек, Ресей санкцияда емес пе? Өсім де, табыс та жоқ оларда. Керісінше, минусқа кеткен. Қып-қызыл шығын. Әупірімдеп, Еуразиялық экономикалық кеңістіктегі одақтастарына салмақ салып, алға жылжуда. Қиын жағдай оларда. Бірақ оған қарап жатқан біздегі орыстар жоқ. Жаппай кетіп жатыр. Осынысы қызық?!
Мүмкін, біз соңғы кездері тым қазақтанып барамыз ба? Ұлттық иммунитет күшейіп келе ме? Латынға көшеміз дегеннен үрікті ме? Неден ықты екен олар?..
Қалай дегенмен де «жолдары» болсын дейміз оларға. Ал мынау осы фактіні айқындайтын статистика, көріп алыңыз!
Келгендер статистикасы да бар, бере кетелік: 2017 жылы – 10,3 мың, 2016 жылы қоныс аударып келген адам саны – 13,3 мың, ал 2015 жылы – 16,5 мың адамды құрады.
Жалпы, көші-қон балансы (сальдо миграция) 20 600 адамды құрады.
Биыл елімізден кеткен 35,1 мың адамның басым бөлігі ТМД-ға кеткен, атап айтқанда, 21,1 мың, яғни кеткендердің бақандай 60-70 проценті! ТМД-дан Қазақстанға 10,3 мың адам келді. Басқа елдерден 4,1 мың адам келді, ал 3,7 мың адам кетіп қалды. Көші-қон балансы 467 адамды құрады.
Дайындаған: Қуаныш Сатар, Юсуп Маметниязов
https://kaz.365info.kz/kej-orystar-bizge-oryssha-sojle-dep-ali-akirendep-zhyr-273230