Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Құрылыс бизнесіндегі делдалдар сыбайлас жемқорлықты күшейтуде

Фото: informburo.kz

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке монополиялық операторлардың делдалдарын таратумен айналысуды тапсырды. Олардың әрекетінен түпкілікті тұтынушы зардап шегеді, оған тауар қымбатқа түседі.

Екі нұсқасы

Экономист Әсет Наурызбаевтың пікірінше, кез келген нарықтың міндеті — транзакциялық шығындарды қысқарту. Бірақ жол салушылар үшін қымбат битумға байланысты жағдай егжей-тегжейлі талқылауды қажет етеді.

— Егер делдалсыз да іске асыруға болатын жерлерде, делдарды араластырып қолыңызды байлайтын болса, бұл басқа мәселе.

Біздегі жағдай белгілі ғой, ол жерде қандай да бір еншілес жалған фирмалар араласқанына күмәнім жоқ. Олармен күресу үшін заңнама және нарықтарды реттейтін нақты орган – Бәсекелестікті қорғау агенттігі бар

Кәсіпкерлер шағымданып, өз шешімдерін ұсынуы керек — бұл өнімнің осы түрін сатып алуға арналған биржа немесе аукцион болуы мүмкін. Бірақ егер делдалдарсыз іске асыру мүмкін емес болса, және олар бар болса, біз нарықтың құрылымы сондай екенін түсінуіміз керек. Кейде зауыт тауарларды бір ғана көлікпен жібере алмайтын, вагондармен тасымалдайтын жағдайлар болады, ал кәсіпкерлерге көп тауар қажет емес. Осы үшін делдалдар – көтерме саудагерлер қажет, – дейді Наурызбаев.

Жол “қарақшылары”

Мұнай сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов МӨЗ мен жол-құрылыс фирмалары арасындағы делдалдардың расында да пайдасыз екеніне сенімді.

– Сыбайлас жемқорлық туралы айтқанда, көбіміздің ойымызға бірден пара беру туралы ой келеді.

Бірақ сыбайлас жемқорлық өзінің әкімшілік-саяси ресурстарын пайдаланып, отырып алып ақша жасайтын жалған фирмаларды құрудан да көрінеді. Жолдар – бұл Қазақстанда салынып жатқан негізгі объект, және олардың айналасында тұтас бір қарақшылық схема қалыптасқан, онымен күресу қажет

Біз сұраныс пен ұсынысқа негізделген нарықтық экономикаға көштік және жоспарланғаннан бас тартқан сияқтымыз. Бірақ мемлекет қандай да бір себептермен квазимемлекеттік секторда сенуді жалғастыруда.

Рашид Жақсылықов, фото Интерфакс-Казахстан

Қазір біздің экономикамыздың 70%-ы соған тәуелді. Бұл солардың бекіткен жоспарлары бойынша жұмыс істейтін үкіметке тікелей бағынатын кәсіпорындар. Бірақ олардың барлығын, соның ішінде “Қазмұнайгаз” мен “Қазатомөнеркәсіпті” нарықтық модельге көшіру керек. Ал өзі ақша таба алмайтындар банкротқа ұшырайды.

Бүгінде олар делдалдық схемалардың шоғырын ұйымдастырып қана қоймай, отандық бизнесті қолдауға бөлінген субсидияларды да алуда

Жақында президент кеденде тәртіп орнатуды тапсырды. Бірақ, менің ойымша, кеден қандай да бір “найзағай тартқыш” болған тәрізді – өйткені одан түсетін түсімдер 5%-дан аспайды және республиканың негізгі бюджетін қалыптастырмайды.

Ең алдымен, Қазақстан үшін жетекші болып табылатын салада былықты жою керек. Әлемдік нарық былай жұмыс істейді: зауыт өніміне өз бағасын қояды, сатып алушылар осы зауытқа тіркеледі, сату бөліміне барады және сатып алады. Бізге де осыған ұмтылу керек, — деп қорытындылады Жақсылықов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз