Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Құрметті Елбасы!..”. Маңғыстауда биіктен секірмек болған оқушы қыздың хаты табылды

Менің отбасымда болған жағдай жүрегімді ауыртады. Менің әкем кінәсіз сотталды. Әкемнің қиналғанына шыдай алмаймын. Менің әкем кінәлі емес! Ол бізді адал, шыншыл болуға үйретті.

Үйде бәріміз қиналып жүрміз. Кішкентай үш інім бар. Олар: «папам қашан келеді?» деп сұраған кезінде жүрегім ауырады.

Е, Аллам, менің әкеме көмектесші. Ата-анамның, бауырларымның қиналғанын көргім келмейді. Менің әкем Қазақстан Республикасының адал қызметкері. Оның көптеген мақтау қағаздары мен медальдары бар.

Мен өз әкемді мақтан тұтамын. Бар арманым – ата-анам, бауырларым барлығымыз бұрыңғыдай бақытты, тату-тәтті өмір сүрсек екен деп тілеймін» делінген қоштасу хатында.

 Қыздың анасының айтуынша, олар отбасымен биыл Маңғыстауға күйеуінің жұмысына байланысты көшіп келген. Жолдасы Ержан Тілеулиев ГМ 172/6 түзеу мекемесінің басшысы ретінде сайланғанына екі ай болмай жатып жергілікті жемқорлықпен күрес басқармасы үстінен қылмыстық іс қозғапты. Сотталғандардың туыстары түрмеге ерікті түрде әкеліп берген 70 мың теңгелік ноутбукті «бопсалап, пара алды» деп айыптап, оны жеті жылға соттап жіберген.

– Сол кезде менің жолдасымды барлық телеарналар «тойымсыз басшы», «парақор, ұрының дүние-мүлкі тәркіленді» деп айтып жаңалықтардан көрсетті.

Шын мәнісінде, біздің жеке пәтер түгіл көлігіміз жоқ, несие төлеп жүрген орташа жағдайлы отбасымыз. Осы оқиға бала-шағамызбен бәріміздің жанымызға батты. Менің күнде жылай бергенім, елдің өсегі мен журналистердің жаңалықтардағы асыра сілтеген сөзі 14 жастағы қызымның жүйкесіне әсер еткен. Ол отбасының құрдымға кеткенін көріп, секіріп өлмек болған. Яғни, әкесі ұзақ мерзімге сотталып кетті, мында мен төрт баламен қаңғып қалдым. Себебі, пәтерге төлейтін ақша жоқ, таныстардың үйін паналап жүрміз. Барлық адам оған ұрының баласы секілді қараған», – дейді өзіне өзі қол салмақ болған оқушының анасы.

Жеткіншек сабақтан шыққан соң мектептің жанындағы тоғыз қабатты ғимараттың үстіне шығып, секірмек болғанын сыныптастары көріп қалып, құтқарған. Артынша оқушылар мән-жайды мектеп мұғалімдеріне айтыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз