Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Келсең, кел қасыма…”. Дүйсенова өзін теледебатқа шақырған көпбалалы анаға жауап берді

199

Министр өз жауабын министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына орналастырыпты (жауаптың орысша болғанын, оны қазақшаға аударуға тура келгенін айта кетелік):

“Құрметті, Әлия! Әлеуметтік қорғау мәселесіне назар аударғаныңызға алғыс айтамыз. Алайда өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты бірқатар түсінік бере кетсек дейміз.

https://kaz.365info.kz/shykhsyn-efirge-kopbalaly-ana-dyjsenovany-zhekpe-zhekke-shakhyrdy-289767

Елбасының тапсырмасы бойынша 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы беріле бастайды. Осыған дейінгі аз қамтылған отбасылар алатын үш әлеуметтік ақы енді біріктіліп беріледі, яғни отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан табысы аз үй шаруашылықтарына тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек, онда да ол жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күн көріс деңгейінің 40 процентінен аспаса; отбасының кірісін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражатынан тағайындалатын аз қамтылған отбасылар үшін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар 1,05 айлық есептік көрсеткіш немесе биылғы көрсеткішпен есептегенде, 2 383 теңге көлемінде беріледі және кірісіне қарамастан республикалық бюджеттен төленетін кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалы отбасыларға (бұдан әрі-отбасылар) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалады.

Бұл арада 2018 жылдың 1-қаңтарына дейін тағайындалған арнаулы жәрдемақысы бар отбасылар оны балалары кәмелет жасқа толғанша ала беретінін баса айта кетелік.

Осылайша жаңа форматтағы жәрдемақы осы аталған үш жәрдемақының орнына берілетін болады, оның көлемі де үшеуін қосып алғандағы сомадан әлдеқайда жоғары болмақ” деп түсіндіреді министр.

… 9 784 теңге емес, 14 142 теңге болады

Одан соң Тамара Дүйсенова әлеуметтік көмекті тағайындау шартының өзгерісіне қатысты мәселе көтереді.

“Иә, шарты өзгерді. Біріншіден, кедейлік деңгейінің сомасы өзгерді, биыл ол 9 784 теңге болса, 2018 жылы 14 142 теңге болмақ. Осыған сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі де өседі ғой, ол 24 459 теңгеден 28 284 теңге боп өзгермек. Демек, осыған байланысты әлеуметтік көмектің де көлемі өседі” – дейді министр ханым.

Дүйсенованың айтуынша, енді атаулы әлеуметтік көмектің екі түрі болады: шартты және шартсыз.

“Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.

https://kaz.365info.kz/kelesi-zhyly-zejnetakhy-osedi-osylaj-degen-ministr-dyjsenova-khandaj-khulykhkha-bardy-286649

Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.

Шартты ақшалай көмек үш көмек түрін қамтиды: біріншіден, жеке шаруа қожалығын немесе өз ісін дөңгелету үшін берілетін ай сайынғы немесе бір реттік жарты жылдық төлем. Екіншіден, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шаралары: оларды жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Үшіншіден, қажет болып табылса, мүгедек жандарды оңалтуға жолдау, арнайы әлеуметтік, медициналық қызметтер ұсыну, тұрғын-үй коммунальдық ақысын төлеуге көмектесу және т.б. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады” – дейді Тамара Дүйсенова.

Ешқандай шектеу көріп тұрғам жоқ…

Министр жаңа жәрдемақыны алу үшін өтініш қабылдау және оны тағайындау процесінің мейілінше оңтайландырылатынын да айтты.

«Ендігі жағдайда үш құжаттың орнына үш рет емес, бір рет қана құжат өткізеді. Бұл үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бас сұқса болғаны (ал ауылды жерлерде селолық округтің әкіміне). Сол өткізілген – табысы туралы анықтамаға, бірыңғай базада белгіленген отбасылық жағдайына қарап, жәрдемақыны тағайындау бойынша шешім қабылданады», — деді министр.

https://kaz.365info.kz/memleket-birkhatar-azamattarga-beriletin-aleumettik-zhardemakhylardy-tokhtatuy-mymkin-265703

Тамара Дүйсенова ақырында учаскелік комиссияның отбасының материальдық жағдайын анықтау процесіндегі рөліне де тоқталып өтті.

“Әлеуметтік көмекті көрсету кезінде бағалаудың қажеттігі жалпымен мойындалған әлемде бар тәжірибе.

«Мeans tested benefits», яғни қажеттілікті тексеру негізіндегі жәрдемақы тесті бүгіндері барлық елдерде кеңінен қолданылады.

Бұл арада мемлекеттік мәліметтер базасындағы ақпаратпен қатар отбасының тұрғылықты жеріндегі жағдайы да тексеріліп, бағаланады. Мұнымен көбіне әкімдік, халықты әлеуметтік қорғау органы, білім, медициналық мекеме қызметкерлері және қоғамдық бірлестік өкілдерінен тұратын дисциплинаралық сарапшылар айналысады.

https://kaz.365info.kz/dyrys-tysinbegensizder-ministr-kopbalaly-analarga-khatysty-pikir-bildirdi-257668

Отбасының материальдық-тұрмыстық жағдайы келіп түскен мәліметтерге күдік келтірілгенде немесе белгілі бір себептерге байланысты өтініш қыла алмаған, бірақ өмірде қиындыққа тап болған отбасы мүшесі көмекті қажет ететін жағдайда тексеріледі.

Осы жағынан алғанда, жаңа форматтағы жәрдеамқыны тағайындау шартындағы өзгеріс материальдық көмек алу мүмкіндігін шектемейді де, оған кедергі де емес” деп санайды министр.

Министрдің бұл жауабы жариялана салысымен, Әлия да әлеуметтік желіде бұған қатысты өз ойын жариялады.

“Тамара Қасымқызы, оқып шықтым түгін қалдырмай. Қанағаттанбадым. Керісінше, өкінішке қарай, Сіздің жауабыңыз көп сұрақ тудыруда…”,

деп жазды ол қысқа-нұсқа.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз