Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қыркүйектің ортасында…”. Доллардың қатты қымбаттайтыны болжанып, елден дегбір кетті

TeleTrade компаниясының бас маманы Петр Пушкарев те доллардың 400-ге қымбаттауы әбден мүмкін екенін болжайды.

«Сыртқы фактор деп езеуреудің қажеті жоқ шығар. Теңге үшін Қазақстанның қаржылық жағдайы мен экономикасындағы проблемалар үлкен мәселе туғызуда. Ақша ағылып сыртқа кетіп жатыр, яғни есі дұрыс дамушы нарықтарға. Қазақстаннан ғана емес, “үлкен жиырмалық” елдерден де ақша сыртқа ағылуда.

https://kaz.365info.kz/ketu-kerek-dosym-satpaev-khazir-khazakhstanda-ne-bop-zhatkhanyn-ajtty-330807

Түркияның ақшасы екі есеге құнсызданды, әне. Сондықтан теңге де аяғынан тік тұра алмайды, доллардың әлеуетіне қарсы тұра алмас», — дейді ол.

Пушкаревтің пікірінше, теңге бағамы екі айдан соң тұрақталады. Оған дейін ары-бері құбылып жүріп 400 теңгеге бірақ барады, дейді ол.

«Бірақ ол 2-3 күн ғана. Нарықтағылар жетер жеріне жеткенін білген соң долларға қатысты спекульяция кілт тоқтайды. Сөйтіп компания мен қорлар одан тапқан пайдасын белгілей бастайды.

Теңгенің әлі де құнсыздануына әкеп соғуы мүмкін екі фактор бар.

https://kaz.365info.kz/al-dajyndal-ykimet-sanktsiya-saldarynan-inflyatsiya-kyrt-osedi-330380

Біріншісінде АҚШ-тың федеральдық резерв жүйесі 2018 жылдың соңына дейін ставканы әлі екі рет көтеретін болады: қыркүйектің ортасында, одан соң желтоқсанда.

Екіншісі, ресейлік тәуелсіз борыш операцияларына салынатын санкция. Яғни, бұл арада мемлекеттің қатысы бар ресейлік ірі банктерге тұсау салына бастайды. Тағы рубль қалшылдай бастайды».

https://kaz.365info.kz/biz-bittik-tanymal-kharzhyger-khazakhstandy-ne-kytip-tyrganyn-ashykh-ajtty-foto-327605

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз