Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қыркүйекте ең көп сатылған көліктер

2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық нарық сатылған автокөлік бойынша өткен жылмен салыстырғанда 28 пайыздық өсімді көрсеткен.

Ең көп саудаланған көліктердің ондығын қыркүйекте Lada бастап тұр. Өткен айда аталмыш маркада 1 328 автокөлік (өткен аймен салыстырғанда +10 пайыз) өз иесін тапқан.

Ал Toyota дилерлері 1 146 дана (-9 пайыз) көлік сатса, Hyundai маркасы бойынша – 862 авто (+17 пайыз), Nissan маркасымен 293 дана (+23 пайыз), Volkswagen-нен 260 дана көлік сатылған.

Renault автокөліктері сатылған 213 данамен алтыншы орында. Одан кейінгі орындарға Kia (182), Lexus (179) пен Skoda (100), Chevrolet (84) тұр. Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын қазақстандық автобизнес қауымдастығы Қазақстанда тамыз айында ең көп сұранысқа ие автокөліктердің тізімін жариялаған болатын.

Жаңа жеңіл автокөліктердің сатылымы жағынан ондықты ол кезде Toyota маркасы бастаған еді. Сондай-ақ осыған дейін Қазақстанда жеңіл автокөліктердің саны 70 пайызға өскендігі хабарланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз