Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
27
USD
470
+2.45
EUR
542
+2.12
RUB
5.71
-0.02

Қыркүйекте айына ауа райы болжамы

Тек батыс пен оңтүстікте күн ашық, ауа температурасы 23…30 градус болады.

“Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, салқын ауа райының екі толқыны, түнгі үсік шалу мен жауын-шашынның араласуы солтүстік өңірге айдың ортасында және үшінші онкүндігінде орнайды. Қалған күндерде қысқа мерзімді жылы ауа райы болады, солтүстікте күндіз 15…25 градус, оңтүстік өңірде күндіз 23…30 градус болады”, – делінген хабарламада.

Метеорологиялық қызметтің мәліметінше, айдың орташа ауа температурасы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында нормадан 1 градусқа жоғары, ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан 1 градусқа төмен, қалған өңірлерде нормаға сәйкес болады. Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашын айлық нормадан аз болса, қалған аудандарда нормадан ауытқу болмайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз