Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қырғыз жігіті алып қашқан қалыңдығын полиция бөлімшесінде өлтірді

“Осы тұлғалардың барлығын Чу облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мамандары Жайыл аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген. Кезекші бөлімдегі қызметкер құжаттарды толтыра бастаған. Азаматша Т.Б. (қалыңдық) осы кезде азаматтарды қабылдау бөлмесінде болған. Сәлден соң осы бөлмеге күйеу жігіт кіріп іштен құлыптап алған. Бір мезетте жанжал мен шу естіле бастаған. Милиция қызметкерлері есікті бұзып кіріп, қансыраған қызды тапқан”, – деді құқық қорғау органдарының өкілі. 

МІІД мәліметінше, ер адам осыдан кейін өзіне пышақ салған. Осыдан кейін жедел жәрдем шақыртылып, оларды ауруханаға жеткізген.

20 жастағы қыз жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 29 жастағы жігіт ауруханада жатыр.

Екінші жолаушы 30 жастағы С.А. Жайыл аудандық ІІБ тергеу қызметіне тапсырылды.  “ҚР Қылмыстық кодексінің 97-бабы (Кісі өлтіру) бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу басталды”, – деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз