Индонезиялық сот Джакартаның губернаторын Құранға тіл тигізіп балағаттағаны үшін екі жыл бас бостандығынан айырып, түрмеге жабуға үкім шығарды.
Бұл туралы Мuftyat.kz жазды.
Басуки Ахок Джакартаның жарты ғасырында бірінші рет болып тұрған мұсылман емес басшы, шыққан тегі де бөтен, ол қытай екен.
Үкім шығарылғанда өзін байсалды ұстап, шығарылған үкімге қарсы апелляциялық шағым беретінін айтқан. Ол жедел түрде түрмеге қамалды, ал үкімет болса оның түрмеде жазасын өтеу кезінде орынбасары Джакартаны басқаратын болады деп мәлімдеді.
50 жастағы губернатор өткен жылы өзінің сайлау алдындағы науқанында Құранға тіл тигізгені үшін сот алдына келген болатын. Сол кезде оның сөздері Джакартада бірқатар жаппай қарсылық тудырған еді.
Губернатордың екі жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге жабылуы күтпеген нәтиже болды, өйткені прокурорлар шартты түрде екі жыл беруді ұсынған екен. Индонезияда дінге тіл тигізіп асылық танытқаны үшін берілетін жазаның ең ұзақ мерзімі — бес жыл түрмеге қамалу.
Индонезияның 255 миллион халқының 90% мұсылмандар болып табылады.
Жалпы алғанда, индонезиялық қоғам өте төзімді әрі алуан пікірлі болып келеді, өйткені, көріп отырғанымыздай, астананың билеушісі христиан бола береді екен. Алайда елдің мұсылман қауымы мұндай алуан пікірліктің дінге тіл тигізуіне жол бермейді.