Lada-ның ресми сайтында жол талғамайтын 4×4 Bronto мәшинесі сатылатыны хабарланды.
Бұл – кәдімгі Lada 4×4. Бірақ Bronto дегені – бірқатар толықтыруларды білдіреді екен.
Бұл көлікті алған клиентке 235/75 R15 мөлшерлі дәу дөңгелек (кәдімгі Lada 4×4 дөңгелегінің «размері» 185/75 R16), өздігінен бұғатталатын дифференциал, күшейтілген артқы көпір, көліктің астын 35 мм-ге биіктету, күшейтілген пружина мен аммортизаторлар ұсынылады.
Ал ақшасын төлесеңіз – картердің күшейтілген қорғанышы, алынып-салынатын лебедка, қосымша шамдар мен «камуфляж» деген бояуға тапсырыс беруге болады.
Мұндай «Ниваның» құны 656 мың рубльден басталады. Ал стандартты «Ниваның» ең қымбат дегені 508 мың рубль тұрады.
https://kaz.365info.kz/mercedes-tin-konkurenti-zhana-volga-2017-shygady-eken-277961