Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көлігіне қару-жарақ толтырып алып Алматының тыныштығын бұзған күдіктілер мәлімдеме жасады

Полицейлерден қашамын деп тұтылғандардың бірі Дәурен Әлеуханов. 23 жастағы Шымкенттің тумасы Алматыға Дастан есімді досына қонаққа келген екен.

Айтуынша өзі тізгіндеген қару толы қара джип та осы танысына тиесілі. Осындай уәж айтқан ол өзін сот залында еркін ұстады. Және тағылған айыптардың ешқайсысымен келіскен жоқ.

Тіпті, жүргізуші орындығының астынан табылған Ф-1 әскери гранатасын бірінші рет көрдім деп шаң жуытар емес. Керісінше, тұтқындау кезінде асыра сілтеу болды дегенді айтады.

«Мені ұстап алған кезде 1,5 сағат жерде жаттым. Аузымнан қан ағып кетті. Қолым байлаулы ғой. Қолыма лак сияқты бірнәрсе жақты», – дейді  күдікті Дәурен Әлеуханов.

Десе де еш жерде жұмыс істемейтін күдікті бұған дейін де заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Қорғаушы Әлеухановты тергеу аяқталғанша кепілдікпен жіберуді сұрады. Бірақ сот бұл өтінішті қанағаттандырмады.

«Қылмыстық кодекстің 287 бабы 3 бөлмінде көрсетілген қылмысты жасағаны туралы күдік келтірілген Дәурен Әлеухановты екі ай қамауға санкция берілсін. 33/02 Әлеуханов ЛА155/1 түзету мекемесінде қамауда ұсталсын»,-деді судья  Әділ Бакин.

Ал екінші күдікті Мәрлен Шалабаев болса сот залында мүлдем төбе көрсеткен жоқ. 1969 жылы туған ол да Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.

Алматылықтардың зәресін қашырған арнайы операция 13 қараша күні болған-ды. Қаланың қақ ортасында оқ атты деген күдікпен екі азамат ұсталды. Олардың көлігінен автомат, оқ-дәрі, пышақ және оқ өткізбейтін кеудеше табылған. Кейіннен полиция атыс туралы ақпаратты теріске шығарған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз