Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қылмыстық істерді тіркеудің электронды қызметі іске қосылмақ

Жоба Елбасының халыққа Жолдауында бекітілген тапсырманың бірі – елімізде сандық технологияларды дамыту шарасы аясында жүзеге асырылуда. Осы мақсатпен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бюджеттен қосымша шығынсыз “Е-қылмыстық іс” бағдарламасы әзірленді.

Бағдарлама қылмыстың тіркелуінен бастап, оның тергелуі және сот үкімінің орындалғанына дейінгі аралықтағы қылмыстық процестің барлық сатысын қамтиды.

ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың айтуынша, цифрлық технологияларға көшкен жағдайда, қоғамның жанына батып жүрген біраз проблемалар шешіледі. Олар өздігінен жойылады. Сондықтан осыған қатты мән бөлініп отыр.

Осыған байланысты 11-тамызда жоғарыда аталған ведомстволармен бірлескен бұйрыққа қол қойылып, ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бағдарлама 15-тамыздан бастап өңір-өңірде сынақтан өте бастамақ.

Бағдарлама бөгде адамдардың, соның ішінде жүйенің әкімшілерінен қылмыстық іс материалдарына рұқсатсыз қол жеткізуінен жоғары дәрежелі қорғайды. Істің материалдарына қол жеткізу тек қана істі жүргізетін тергеушіде және прокурорда болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз