Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Құлаған ракетадан зардап шеккен азамат өлім аузында жатыр

Онымен қоса отбасына да қаржылай көмек көрсетілетінін айтқан. Жарақат алған адамның ем-домын да солар мойындарына алыпты. Ал экологияға келген шығынды кімнің өтейтіні сол күйі айтылып жатқан жоқ.

Естеріңізге салсақ, маусымның 14 күні күндізгі сағат 4 шамасында Жезқазғаннан 60 шақырым жерге «Союз» зымыран тасығышының бөлшектері құлаған.

Күннің ыстығы мен қатты желден от тұтанып 10 мың гектер жер өртенді. Өрт сөндіруге келген “Роскосмосқа” қарасты мекеменің екі жұмысшысын от шарпыған. Бірі оқиға орынында тіл тартпай кетсе, екіншісі хал үстінде жатыр.

«Бүгін бірінші ота жасап, науқас терісінің қаншалықты күйік шалғанын тексердік. Денесінің 40 пайызы күйген. Етке тереңдеп кеткен күйіктер де көп. Алда тағы да бірнеше ота жасалады. Көптеген ем дом шаралары қажет.

Жанын аман алып қалу мүмкіндігі бар»,-дейді Қарағанды облыстық травмотология және ортопедия клиникасы директорының орынбасары Берік Төлеубаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз