Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Құдайы қонақпыз”. Оңтүстік Қазақстанда тойдың соңы атыспен аяқталды

Атыстың салдарынан 1952 жылғы әйел мен 1996 жылғы қыз зардап шекті. Зардап шеккендер алған жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейіннен үйлеріне қайтарылды. Полицейлер осы істі тергеу барысында үш күдіктіні ұстады. Олар – ОҚО-ның 1992, 1993 және 1996 жылғы тұрғындары. Екеуінің осыған дейін сотты болғаны анықталды.

“Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде полицейлер аң аулайтын мылтық пен екі травматикалық қару және түрлі оқ-дәрілерді тәркіледі. Екінші күдіктінің Mercedes көлігінен аң аулайтын қару тәркіленді”, – деді ведомстводағылар.

Бұл дерек Сайрам ауданының сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестірне тіркелді. ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша: 293-бап – “Бұзақылық” және 287-бабы – ” Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойыншы қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз