Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Құдай сақтапты. Жамбылда екі мектеп оқушысы «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздады

Әзірге екеуінің де аты-жөні айтылмай отыр. Белгілісі біреуі Таразда, ал екіншісі аудандағы мектептердің бірінде оқиды. Осы 8-ші сынып оқушысы «Синий кит» ойынын құмарлана ойнауға кіріскен екен. Тіпті, қаскүнемдердің екі тапсырмасын орындап, қолына киттің суретін салып үлгеріпті. Құдай сақтағанда, оның бұл әрекеті уақытылы анықталып, бір ажалдан қалды. Қазір жеткіншекпен психологтар  жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде осы қауіпті ойын шықты дегелі елден маза қашты. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені, ойынға кірген соң одан тірі шығу мүмкін емес екен. Ата-аналарды шошытқан «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына байланысты кешеден бері еліміздің Ішкі істер министрлігі интернетте бақылауды күшейтсе, бүгін Ақпарат министірлігі қаскөйлермен білек сыбана күресуге кіріскендерін мәлімдеді.

Әділ Қожықов, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің комитет төрағасы:

-Әлеуметтік желілерде күдік туғызатын жазбалар анықталса, тұрғындардың  біздің министірліктің сайтына жазып, сілтемесін қалдыруға болады. Оны біздің мамандар мұқият тексеріп, расында суидцитке итермелейтін мағлұматтар жарияланған болса, онда біз дереу сайт редакциясына шығып, жазбаны алып тастауын сұраймыз. Оған көнбесе тиісті орындарға арызданамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз