Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Құдай қазақты жақсы көреді…

112

Адамзат баласы қазақ тілінде сөйлеп туады. Ең алғаш қазақ әріптерін айтады.

Сенбейсіз бе, қараңыз: іңгә, іңгә, іңгә. Барлық сәби осылай жылай ма, осылай жылайды.

Ал, енді осындағы г әрпінен басқасының барлығы өзіміздің әріптеріміз ғой. і, ң, ә деген әріптер өзімізге ғана тиесілі әріптер ғой, әкем-ау. Тіпті кейбір сәбилер асыға сілтеп ғ әрпін қосып жібереді ғой. Ол тіпті қазақша болып шығады. Іңғә іңғә іңғә!!! Ал, кім не деп қарсы шығады. 
Көрдіңіздер ме, біз Алланың ерекше мейірі түскен ұлтпыз.

Алла жақсы көрген тілде сөйлейміз. Демек, бәріміз бақыттымыз. Кредит пен пәтерақының күні жақындағанға бола қабақтарыңды түсірмеңдерші, қарақтарым. Әйтпесе, ешқайсымыз жетісіп жүрген жоқпыз… Күліп жүрейік, бірдеңені біліп жүрейік… 

Бейбіт Сарыбай

Фейсбук парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз