Татарстанның Черемшан ауылында тоғыз жасар бала жоғалып, ел аяғынан тік тұрған.
Оны іздеуге шыққан аудандық азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Гулия Яруллина қар бекітіп тастаған кәріз құдығына абайсызда құлап кеткен. Барша іздеген бала сол жерде болып шықты.
РФ Татарстан республикалық ТЖМ басқармасының мәлімдеуінше, әйелдің бел омыртқасына зақым тиген. Сол күні құбырға түсіп кеткен бала әлсіздіктен есінен тана бастаған.
Дәрігерлердің айтуынша, құтқарушы бір сағат кешіккенде, бала үсіп өлетіндей халде болған. Қазір бала ауруханада жатыр.