Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Құдай-ай…”. Өз елінде тентіреп қалған көпбалалы оралман әйелдің арманы орындалды (видео)

https://kaz.365info.kz/nazym-yzajbaj-jli-boldym-bauyrzhan-a-ama-rahmet-233922

8 балалы отбасының басты асыраушы отағасы мүгедек боп қалған. Бірнеше жыл бойына көпбалалы бұл отбасының күні балалардың жәрдемақысына ғана қарап қалған. Ал 40 мың теңге пәтер жалдамақ түгілі балалардың аузына тосатын тамаққа әрең жетеді.

Бала аш отырғанда ана қалай қамсыз отырсын. Шарасыздықтан Жеңісгүл Ақорданың алдынан бір-ақ шыққан. Өз мәселесіне билік назар аударып, көңілдері түсер деп үміттенді. Бірақ одан 8 балалы ананың жағдайы оңалмаған. Өйткені үкімет көпбалалы ананы баспанамен қамсыздандыра алмапты. 2016 жылы тек жатақханадан бір бөлме бөліп беруге шамалары жеткен.

Бірақ тар бөлме, тойып ішпеген ас, жұтаңдық бұл отбасыны бәрібір титықтата түскен.

“Алланың қалауымен сіздердің себептеріңізбен, қасиетті Қадір түнінде “Харекет” қорымен бірге 13-ші баспананың кілтін Астана қаласынан 8 балалы отбасына табыстадық. Аллаға шүкір!”, – деп жазды Жанболат.

https://kaz.365info.kz/nege-tua-beresi-a-t-bede-sheneunikter-14-bala-tu-an-jelge-1-p-terdi-re-berdi-224381

Айта кетейік, “Харекет” қайырымдылық қоры осыған дейін еліміздің түпкір-түпкіріндегі көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға үй сыйлады. Олар 1000 теңгеге баспана ұранымен, өздерінің көпшілікке көмек көрсетумен келеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз