Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қуыршаққа үйленген Қытай жігіті миллиондардың көзіне жас алдыртты (фото)

323

Жуырда 28 жастағы Қытай жігітіне дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қойып, күні жақындап қалғаны туралы ауыр хабарды естіртеді. Мұндайды күтпеген жігіт, басында мең-зең күйге түскенмен, уақыт күтіп тұрмайтынын есепке алып, қандай өкініші барын әлеуметтік желіге жарияламақ болады. Әрине, ол қолына құсын қондырып, бала сүйіп үлгермегіне қатты қапаланады.

Сондықтан ол әлеуметтік желіге о дүниелік болғанша үйлену бақытын сезінгісі келетінін жазады.

Сөйтіп бұл ойын жүзеге асырмақ болып ниеттенгенде тағы ауыр ойлар оны шырмап, әуре-сарсаңға түсіреді. Өйткені ол өзінің сүйіктісінің жесір, ал оның ішінде баласы болса, оның жетім қалғанын қаламайтынын анық сезініп, ақыры бұл күрмеуі қиын жағдайда өзіндік шешім қабылдайды. Иә, үйлену сәтін басынан өткергісі келген жігіт қалыңдықты қуыршақтан таңдайды.

 

Үйлену тойында барлық салт-дәстүрлер сақталып, ырым-тыйымдар жасалады. Бірақ оған ешқандай қонақ шақырылып, қатыстырылмайды.

Жігіт «қалыңдығын» тойға әзірлеу үшін визажист, шаштараз және фотографтың қызметіне жүгінеді.

Ақыры ол өзінің той суреттерін әлеуметтік желіге жүктеп, барша елге жария етеді.

 

Тойымен құттықтаған әлеуметтік желідегі қауым жігітке демеу сөздер арнап, ешкімді қинап, қайғыға салғысы келмеген жүрегінің ақтығы мен жұмсақтығына тәнті екендіктерін айтып, көбісі көзіне жас алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз