Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Қуып шықты”. 15 жасында тұрмысқа шыққан келіншек жан айқайын жеткізді

120

Үш баласымен көрісе алмайтын жағдайға жеткен келіншек қазір балаларын қайтаруға күш салуда хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Күйеуі үйінен қуып шыққан келіншек қазір балаларымен қайта көрісу үшін күресіп жүр.

“Мен оған 15 жасымда тұрмысқа шықтым. Оның маған қол көтергенін айтуға ұялып, жұрттан жасыратынмын. Осы жағдайдың барлығын енем көріп жүрді.

Он жыл бойы олардың қысымын көріп, тіпті рұқсатсыз сыртқа шыға алмайтын жағдайға жеттім. Қазір балаларымды өзіме қайтарып беруін сұраймын”, – деп Ардақ Әбдуәлиева жанайқайын жеткізді.

Ал келіншектің заңгері Күміс Түсіпбаеваның айтуынша, Ардақ Әбдуәлиеваның күйеуі үйден қуып шығып, балаларды бермей қойған.

“Қазір арнайы сот-сараптамалық зерттеу жүріп жатыр. Ардақ үйден өз еркімен кетпеген. Оны күйеуі үй киімімен қуып шыққан. Ал үш баланы өзіне алып қалған. Бір жылдан бері Ардақ балалары үшін соттасып жүр”, – деді келіншектің заңгері.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз