Балуан Гүлнұр Нұртазамен кездеспекші.
“Ол біздің көптеген инста жұлдыздар сияқты соңғы модельдегі ұялы телефон ұстап, көлік айдап, беделді ауданда тұрып, өзін сатып-ақ ақша табуына болар еді. Бірақ оның орнына ол адал жолды таңдады! Оған күліп, сөз қылғанша одан үлгі алыңдар! Нағыз ер адамдар осындай аруларға үйленеді!
Иә, мен жақында онымен кездеспекшімін”, – деп жазды балуан.
Осыған дейін белгілі болғандай, ыдыс жуып жүрген экс-модельдің видеосы тараған соң оны бірнеше шоу қонаққа шақырған. Олардың арасында Ресейлік шоулар да бар. Ал украиналықтар оған модель ретінде жұмыс ұсынған. Бірақ қыз бас тартқан. Себебі, ресейліктер оны емес, оның елін төмендеткісі келді деп есептейді. Ал Украинаға барғысы келмейді, себебі елін қимайды.