Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Қуанып тұрмын…”. Мешітті тегін тазалап жүрген келіншекке жамағат көлік сыйлады (фото)

Көлік Қадір түнінде садақа ретінде жиналған қаржыға сатып алынды. Құны 700 мың теңге тұратын темір тұлпардың кілті Земфира Нұралбековаға көпшілік алдында табысталды.

https://kaz.365info.kz/sivi-korealmajtyndarga-olenmen-zhauap-khatty-265514

Рамазан айында аспаздың қызметін атқарып, аумағы төрт жарым мың шаршы метрлік мешіт ғимаратын біраз уақыттан бері тегін тазалап жүрген әйелге көлік мінгізу туралы идеяны жас қарилар көтерген екен.

Бұл осы уақытқа дейін тарауық оқыған қарилар мен мешітте жатып білім алатын шәкірттердің ас-суын қамдап, сауабын алған жанға деген сыйлары болып шықты. Қадір түнінде өздерінің қызметіне деп жұрт жинаған садақаны түгелімен беруге уағдаласқан қарилардың бастамасын имамдар қолдаған.

https://kaz.365info.kz/akhtobe-oblysyndagy-meshit-imamdarynyn-biri-okhushy-khyzynyn-oramalyn-sheshkizbej-zhyr-290456

Мешіттің тұрақты жамағаты да сауапты іске ортақтасып, қолдарынан келгенше жәрдемдесіпті.

“Осында жатқан имам кісілер бір қуантқысы келген екен. Ол кісілерге Алла разы болсын. Алладан қайтсын, барлықтарыңызға Алла осындай жақсылық нәсіп ете берсін”, – дейді көлік иесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз