Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ҚТЖ Алматы-Астана бағытында көз жұмған әйелдің қазасына байланысты пікір білдірді

Мекеме түсіндіріп өткендей, Шу станциясына жетуге 15 минут қалғанда жолсеріктерге әйелдің ауруы асқынып, өзін нашар сезіне бастағанын хабарлаған. Пойыз басшысы медициналық бригаданы шақырып, дәрігерлер станцияға жеткенше алғашқы жәрдем көрсеткен.

“Әрі қарай Шу — Отар аралығында жолаушының жағдайы күрт төмендеп, пойыз бастығы тағы да жақын маңдағы станцияға “жедел жәрдем” шақырған, бірақ өкінішке орай Отар станциясында фельдшер әйел адамның көз жұмғанын мәлімдеді”, — делінген хабарламада.

Компания қайтыс болған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз