Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бүгін Астанада өткен халықаралық форум барысында шетелдік инвесторларға осындай уәде берді, деп хабарлайды КТК.
2020 жылға дейін инвестор үшін біраз шаруа шешілмек. Кез-келген мемлекеттік орган шетелдік кәсіпкердің сауалына қысқа мерзімде үш тілде жауап қатуы тиіс. Қазақстандағы бизнесі үшін электронды виза алып, шекарадан да жеңіл өтеді. Сондай-ақ кедендік кодексте инвесторға жеңілдік қарастырылған. Бір сөзбен біздің экономикаға ақша құйғысы келгендерге жақсы емес, өте жағдай жасалады.
“Сіздердің әрбір өтініштеріңізге мемлекеттік органдар 10 жұмыс күні ішінде ағылшын тілінде жауап береді. Алайда сіздер қазақша не орысша сұрасаңыздар сол тілдерде де жауап бере аламыз. Ең бастысы 10 күннен кешіктірілмейді. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары, аурухана, білім мекемелері, көші-қон және салық органдарына ағылшын тілін меңгерген мамандар аламыз”, – дейді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.