Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияға әскер жіберу туралы мәліметке қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

“Қазақстанның Астананы кездесулер алаңы етуі – біздің еліміздің Сириядағы қақтығысты реттеудегі үлкен үлесінің белгісі.

Қазақстан Сирияға өздерінің әскерилерін жіберу туралы ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.

Сириядағы төрт аумақтың қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы мәселе қазіргі уақытта талқыланып жатыр. Бұл туралы және басқа да мәселелер туралы Астанада 4-5 шілдеде өтетін кездесу барысында талқыланады”, – деп хабарлады ҚР СІМ басшысы.

Сондай-ақ, мамандар Қазақстан Сирияға әскерлерін жіберген жағдайда не болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

https://kaz.365info.kz/khazakhstan-askeri-putinnin-kholshokhpary-ma-mamandar-pikiri-268303

Еске сала кетейік, осыған дейін түрік және ресейлік БАҚ-тар Ресейдің Қазақстан әскерлерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтқанын хабарлаған болатын. Ресейдің Қорғаныс жөнідегі комитетінің басшысы Владимир Шаманов Мәскеудің Қазақстанмен және Ресеймен әскерилерді Сирияға жіберу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Сондай-ақ, ол әзірше шешімнің қабылданбағанын айтып өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз