БҰҰ-дағы Ресейдің тұрақты өкілі Виталий Чуркин 65 жасында Нью-Йоркте дүние салды.
Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркиннің қазасына орай көңіл айтты.
“БҰҰ қабырғасында соңғы үш жыл бойы бірге қызмет еткен Виталий Иванович Чуркиннің қазасын жеке басымның қайғысы деп санаймын. Бұл жаһандық дипломатиялық әлем үшін орны толмас қаза”, — делінген хабарламада.
Чуркин Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін 2006 жылы сәуір айынан бері атқарып келе жатқан еді.
Украинадағы жағдайға байланысты ол соңғы жылдары БҰҰ мінберіне жиі шығып, белсенді қызмет атқарды.