Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҚР Қарулы күштерінде жаппай тексеру жүргізіліп жатыр

122

Негізгі мақсаты жеке құрамның машығын, взвод, рота, құрамалар мен бөлімдердің батальондары басқармаларының жауынгерлік даярлығының шынайы деңгейін пысықтау болып табылады.

ҚР ҚК Бас штабымен арнайы кешенді комиссия құрылды.

Аталған комиссия еліміздің барлық өңірлеріне жіберілді. Бақылау тексерісі екі кезекте өткізіледі.

Тексеруге батальондардың (дивизиондардың) барлық басқармалары, взводтар, роталар (батареялар) және жауынгерлік оқ атулар мен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізе отырып, штаттық жауынгерлік техникасы бар оларға теңестірілгендер тартылды. Взводтар мен роталар жауынгерлік оқ атулар (ВЖА), роталық тактикалық және жауынгерлік оқ атулары бар арнайы оқу-жаттығулар барысында тексеріледі.

Оқыту пәндері бойынша бақылау сабақтары бөлімдердің ұдайы орналасу пункттерінде және оқу-жаттығу орталықтары мен полигондарда өтуде. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатқан бірқатар әскери қызметшілер жақсы жағынан атап өтілді.  Олардың қатарында 10810 әскери бөлімінің танкті батальон командирі подполковник Ербол Әубәкіров. Оның бөлімшесі оқ ату даярлығында үздік нәтижелер көрсетті.

Практикалық оқ атуларда 32039 әскери бөлімі 1-мотоатқыш ротасының 2-мотоатқыш взводы мен 91678 әскери бөлімі таулы-егерьлік ротасының командирлері лейтенант Дархан Бекембай мен ұлан капитаны  Жомарт Абдулаев үздіктердің арасынан топ жарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз