Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қостанайлық бойжеткеннің өлімі: полицейлер қамауға алынды

Қазіргі таңда екі тәртіп сақшысы — жергілікті полиция қызметінің старшинасы мен аға сержанты ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

“Полицейлер 20-шілдеде сағат 22:16-да Қостанай қаласының ІІБ жедел басқару орталығының “102” операторынан Қостанай-Затобол трассасында белгісіз ер адамның әйелге зорлық көрсетіп жатқаны туралы хабарлама алады. Оқиға орнына келген олар жолдың бойындағы қыздың мәйіті жатқан ағаштың ішін дұрыс қарамаған”,- деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

https://kaz.365info.kz/istegeni-zandy-vitse-ministr-denisti-oltirgen-kydiktinin-birin-zhakhtap-shykhty-325051

Облыстық департаменттің ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлерінің әрекетінен қылмыстық салғырттық көріп отыр. Олар өз қызметтік міндетін тиісінше орындамаған.

Ішкі қауіпсіздік басқармасы тергеушілерінің полицейлерді қамауға алу туралы өтінішін сот қолдаған.

https://kaz.365info.kz/dollarmen-beredi-anshi-byrkit-para-bergen-zherinen-ystalyp-khaldy-video-325057

Қазіргі уақытта полицейлерге қатысты қылмыстық кодекстің 371-бабы “Салғырттық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге салсақ, Қостанай облысында Затобол елді мекенінің18 жастағы тұрғыны Дарья Махартова кешке жүгіруге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Бойжеткеннің мәйіті келесі күні Қостанайдың жанындағы ағаш ішінен табылды. Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз