Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қостанайда қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

111

Полицейлердің айтуынша, күдіктілер материалдық жағдайы әлсіз қыздарды өздерінің таныстары арқылы тауып отырған.

«Ұйымдасқан топ жәбірленушілерді пәтерге шақырып, олармен бірге ішімдік ішеді. Мұнан соң қыздарды қорқытып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлейді.

Барлығы 12 қыз қылмыстық топ «құрығына» ілінген. Олардың үшеуі балалар үйінен шыққан. Жеңгетайлық жасағандар қыздардың жеке құжаттарын тартып алған», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Бұған қоса, жеңгетайлардың тепкісіне түскен бойжеткендер жақындарымен телефон арқылы сөйлесіп жүрген. Алайда өздерінің жағдайлары туралы тіс жармаған. Ведомствоның мәліметінше, қазір ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері ұсталды. ҚР ҚК бірнеше бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары басталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз