Восток ауылында 11 жастағы қыз баланың мәйіті табылды. Бұл істі Қостанай облыстық ІІД өз бақылауына алды, деп хабарлайды Baq.kz
Қостанай облысында қайғылы жағдай болды. Восток ауылында 11 жастағы қыздың мәйіті табылды.
Облыс және Қарасу ауданындағы білікті мамандардан құралған арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Тергеу амалдары облыстық ішкі істер департаменті басшылығының бақылауында.