Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Архимед Мұхамбетов облыс атауын Торғай деп ауыстыруға қарсы екенін айтты

145

Әкім жеті адам қол қойған хатпен жақсылап танысып шыққанын айтады.

“Қостанай Кеңес Одағы кезінде де Қостанай деп аталған. Ол бұрын Торғай деп аталған болса мен түсінер едім.

Торғай – Жангелді ауданындағы ауыл, ол Арқалық жақта. Егер тарихи атауын қайтару болса бір жөн. Сондықтан, мен жеке басым – бұл ойға қарсымын”, – деді өңір басшысы.

Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, ол облыстағы бірнеше қоғам қайраткерлерімен осы турасында сөйлескен.

“Мысалы біздің өңірдегі 3-4 ауданда әкім болған Сабыржан Ахметов, Халибек Дерибсалиндер хатқа қол қоймағандарын айтты”, – дейді ол.

Сондай-ақ, әкім бұл мәселемен халықты даурықтыра беру дұрыс емес екенін атап өтті.

Мұндай ұсыныстар алдымен қоғамдық тыңдалымдарда талқылануы тиіс деп санайды ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз