Қостанай облысындағы Затобол кентінің атауын өзгерту туралы ұсынысты республикалық ономастикалық комиссия қолдады.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Меңдекинова мәлім еткендей, алдағы уақытта Затобол кентінің атауы өзгермек.
«2018 жылғы 9 қарашадағы республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы бойынша Қостанай ауданының Затобол кентін Тобыл қаласы деп қайта атау туралы облыс әкімдігінің ұсынысы мақұлданды. Қазіргі уақытта құжаттар Үкімет қарауында жатыр», – деді ол.
Сондай-ақ, Таран ауданын Бейімбет Майлин атындағы аудан деп атау ұсынысы Үкімет қарауына жіберілді.