Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қостанай облысында ер адам 11 жасар қызды өлтіріп, денесін далаға тастап кеткен

Кейінірек Техникалық қызмет көрсету орталығына автоэлектрик болып жұмысқа тұрған. Сол жұмыс орнында өзінің бұрынғы танысын кездестірген. Кейіннен олардың қарым-қатынасы жақындай түскен.

“2018 жылдың 20 мамырында шамамен сағат 01.00-де күдікті таныс қызының туған күнін атап өту үшін оның үйіне барған. Екеуі түні бойы ішімдік ішкен. Ал келесі күні әйел бірнеше күнге Қостанайға кетіп, таныс қыздан 2007 жылғы қызы мен үйіне қарай тұруды сұраған. Алайда ол қыздың шешесі келмей тұрып, Қостанайға кетіп қалған.

21 мамырда шамамен сағат 00.00-де күдікті ер адам мас күйінде ұйқыдан оянып, өзінің жыныстық құмарлығын қанағаттандыру мақсатында құрбысы үйде деп ойлап, ұйқылы ояу күйде 11 жастағы қыздың бөлмесіне қарай барған. Ол кезде қыз бөлмесінде ұйықтап жатқан.

Осыдан кейін күдікті кереуеттің шетіне отырып, қолын қыз жамылып жатқан көрпеге тыққан. Сол сәтте қыз оянып кетіп, айғайлай бастаған”, – делінген Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз-релизінде.

Содан кейін ер адам қызды ұстап алып, аузын жауып,тұншықтырған. Салдарынан демала алмай қайтыс болған.

“Содан ер адам қыздың денесін Восток ауылынан бір шақырым жердегі қырға тастап кеткен. Мұнымен қоса, қыздың аяқкиімін басқа жаққа лақтырып жіберген”, – деп түсіндірді соттағылар.

Істі тындырғаннан кейін ер адам үйге қайтып келіп, есікті іштен бекітіп жатып қалған.Сондықтан да тергеу өкілдеріне ешқайда да шықпағанын, өзінің кешкі уақытта жатып қалғанын айтатынына сенімді болған. Ол қыздың өзі бір жаққа кетіп қалған болуы мүмкін деп айтқысы келген. Соттағылардың мәліметінше, күдікті бірнеше қылмыстық әрекеті үшін жауап береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз