Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қостанай облысында 35 жастағы полицейдің денесі табылды

119

Сөйтсе, қаза тапқан полицейдің кәмелет жасқа толмаған балалары мен әйелі бар екені анықталды. Сондай-ақ, аудандық офицер полицияда ұзақ уақыт қызмет еткені және жергілікті тұрғындар арасында ерекше құрметке ие болғаны белгілі болды. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер “Наш Костанай” басылымына хабарлағандай, 35 жастағы қаза тапқанның денесінде жарақаттардың жоқтығы анықталған.

“Алдын ала тексеру бойынша, денесінде қандай да бір жарақат табылған жоқ. Өзімен бірге құжаттары мен ақшасы болмаған. Зорлық өлім белгілері анықталмады. Сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Сот сараптамасын тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз