Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қос бірдей қазақстандық палуан әлем чемпионатында қола алды

135

Айдос 60 кг салмақта қола жүлде үшін бәсекеде солтүстіккореялық палуан Се Унг Римен кілемге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірінші кезеңде төреші солтүстіккореялыққа бір ұпай беріп, қазақстандық грек-рим күресі шеберін партерге жатқызды. Дегенмен Айдос Сұлтанғали қарсыласының әдіс қолдануына мүмкіндік берген жоқ. Екінші кезеңде дәл осындай жағдай қайталанып, Айдостың есебіне бір ұпай жазылды. Есеп -1:1. Күрес шарты бойынша жеңіс соңғы ұпай алған палуанға беріледі.

Жарыс барысында Айдос украиналық, жапониялық және қырғызстандық палуандарды жеңген болатын. Әсіресе, ширек финалда Азия чемпионы және биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, жапониялық Шинобу Отаның меселін қайырды. Тек жартылай финалда ресейлік Сергей Емелиннен ұтылып қалды. Осылайша Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырғанына қарамастан, қола жүлдегер атанды.

Тағы бір отандасымыз Мейіржан Шермаханбет те 67 кг салмақта қола жүлдегер атанды. Соңғы бәсекесінде ол франциялық Мамадасса Силланы бет қаратпай, 9:0 есебімен жеңді. Мейіржан чемпионат барысында әуелі түрік палуаны Атакан Юксельді ұтты. Содан кейін әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы, атақты кубалық Исмаэль Баррероны тізе бүктірді. Азия ойындарының қола жүлдегері, ирандық Мохаммед Реза Гераиды 9:0 есебімен ойсырата ұтты. Тек жартылай финалда ресейлік Артем Суриковтан жеңіліп қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз