Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
12
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

“Қорқамыз одан”. Бала сабап, желіні шулатқан мұғалімнің кім екені белгілі болды (видео)

Етектері көл болып, жасқа толған 8 «ə» сынып оқушылары қазақ тілі пәні мұғалімін көрсе, шошитын күйге жеткен. Өйткені, үш жылдан бері ол кісіден қорлық көріп келгендерін айтады. Шыдамның да шегі бар. Ата-аналарына арқа сүйеген олар бар шындықты бірінен соң бірі шырылдап айтуда.

https://kaz.365info.kz/zhagdaj-zhasajykh-deputat-mygalimderge-protsentsiz-nesie-berudi-ysyndy-303284

“Сорлы”, “жетімсің” деп кемсітеді дейді. Мектеп басшылығы құлақ аспаған соң, дәйек болуы үшін ұстаздарының ісін телефонға түсіруге мәжбүр болған.

Əлеуметтік желіні шулатқан оқиға Боралдай елдімекеніндегі № 17 орта мектепте болған. Қазақ тілінен беретін апайлары сабаққа жарты сағат кешігіп келіпті. Балалар сонысын телефонға түсірмек болғанында арты қып-қызыл төбелеске ұласқан. Бойын ыза кернеген педагог бір оқушының қолын сөмкенің бауымен бұрап, екі партаның ортасына қысып, қорқытады. Ата-аналарды да ашындырып отырған осы қылығы.

«Бұл жерде баланың білімі қатысы жоқ. Сен оқымайды дегенге ұрып-соғуың керек па? Әр баланың намысына тиіп, неше түрлі сөз айтасыз. Білімін айтып. Содан кейін ашынып осы болып отыр», – дейді ата-ана.

“Сенің балама топас, сорлы деуге құқың да жоқ. Бұрын-соңды айтып келгеніңде сенбейтінмін. Шошып қалған балалар» – дейді оқушының анасы Нұргүл Тайтарасова.

https://kaz.365info.kz/kimsin-sonsha-almaty-oblysynda-mektepke-kelgen-ata-ana-mygalimdi-sabap-ketti-298217

Оқушылар қазақ тілі пәні ұстазымыздың жеке өмірін тыңдаумен өтеді дейді. Жақсы баға алғыларың келсе, сыныптастарыңның диктанттарын тексеріңдер деп үздіктерге жүктейтін көрінеді. Бірақ, оның бәрін мұғалім жоққа шығарды. Шәкірттерінің көбісінің кілең «екілік» алатынын айтып, оған жөнді тәрбие бермеген деп ата-аналарын кінәлауда.

«Бұлар өзінің білімсіздігін жасырып, ата-аналарына басқа айтып барып, жаңағы менен құтылудың әрекеті. Мен білімін тексеріп, ашуланып отырмын ғой. Сабаққа қатыспады, ары-бері жүрді. Мен сол күні кешікпедім”, – деп ақталды қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айнұр Күлембаева.

Ал, мектеп басшысы Айнұрдың көпбалалы ана, білім саласында 18 жыл өтілі бар екенін айтады. Төрт күннен бергі айғайдан соң бір де бір жиналысқа қатыстыруға әмірі жүрмегенін де мойындады.

Сабақтағы этика түгілі, жеке адамның мүлкін тінтудің өзі қылмыс дейді. Өйткені, оқушылардан тартып алған телефонды үйіне апарып қосып, ортақ чатқа түрлі хат жолдағанға ұқсайды.

https://kaz.365info.kz/khakhynyz-zhokh-akhtobede-mygalim-men-oramal-takhkhan-ajel-tobelisip-khaldy-video-297655

«Мен былай дəл осы жерде отырдым. Телефонды сұрады. Сумкама салғам, бер деп жұлқылап…», – дейді оқушылардың бірі.

«Ватсаптық топқа кіріп, осы сыныптың чатына неше түрлі жазып. Оның бәрі бізде бар. Сол ашуландырған. Сынып жетекшілер туралы айтқан. Қарым-қатынастар туралы айтқан», – дейді №17 орта мектептің директоры Жанат Имашева.

Оқытушыны қойып, директордың сөзін құлақ аспаған ұстаздың үсітінен қазір бір топ ата-ана арыз жазып қойған. Істің ақ-қарасын, мұғалімнің тағдырын құзырлы орган өкілдері шешетін болады. Бірақ ата-аналар оқытушыны жұмыстан қумай тынбаймыз дейді. Ал, 8 «ә» сыныптың оқушылары дәл осы ұстаз қазақ тілінен сабақ берсе, сабаққа қатыспаймыз деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз